Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері.»



бет5/66
Дата19.01.2023
өлшемі16,76 Mb.
#62005
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Бөлім:

Бөліп шығару

Педагогтің аты-жөні:

Айманова Ж.М

Күні:

13.01.2023

Сыныбы:7 «В» «Г» «Д»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері.
Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің тынысалу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.5.2 - өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерімен танысады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Білім алушылар тамыр бөлінісін маңызын біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Білім алушылар тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдерін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Өсімдіктерде әртүрлі заттардың түзілуі туралы айтыңдар. Олардың әрқайсысын сипатаңддар.
2. Өсімдіктер не бөліп шығарады?
3. Жапырақтардан судың бөлінуі-...
4. Тамыр бөліндісі дегеніміз не?
5. Өсімдіктердің бөліп шығару процесі қалай орындалады.



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет