https://www.ispring.ru/elearning-insights/chto-takoe-pedagogicheskiy-dizayn
Тапсырма. Педагогикалық дизайн негізінде біріктірілген сыныптағы заманауи сабақтың үлгісін (шаблон негізінде) топтарда құру. Флипчартта жұмысты ресімдеу.
ШЖМ-нің біріктірілген сыныбында сабақты жоспарлаудың жалпы жүйелілігін келесідей үлгіде көруге болады:
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау, оқыту мақсаттарын, (сабақ тақырыбымен байланысты) тілдік мақсаттарды анықтау;
Бағалау критерийлерін анықтау (қойылған мақсаттарға жету деңгейлерін бағалау үшін бағалау критерийлерін анықтау);
Оқу материалдарының мазмұнын саралау;
Оқытудағы әдіс-тәсілдерді таңдау;
Оқыту модельдерін, сабақ кезіндегі оқушылардың оқу жұмысы түрлерін анықтау;
Бағалау үшін тапсырмаларды дайындау;
Үй тапсырмасын таңдау;
Бақылау, бағалау түрлерін анықтау;
Сабақты қорытындылауға қажетті сұрақтарды және т.б. дайындау.
Біріктірілген сыныптағы қысқамерзімді сабақ жоспарының үлгі шаблоны
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:
Мерзімі:
Мұғалімнің ТАӘ:
|
Сынып
|
7 сынып
|
8 сынып
|
Сабақтың тақырыбы
|
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
|
|
|
Сабақ мақсаттары
|
|
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері
|
Сабақтың мазмұны
|
Оқушыларды оқу іс-әрекетіне қосу үшін ішкі қажеттіліктің туындауына жағдай жасау.
|
Оқу іс-әрекеті тұрғысынан оқушыға қойылатын талаптарды өзектендіру.
Сабақтың ортасы
|
Өздік жұмыс
|
Мұғалім жетекшілігімен жұмыс
|
Мұғалім жетекшілігімен жұмыс
|
Өздік жұмыс
|
Мғұалімнің 2 сыныптың оқушыларымен жұмысы:
Дене шынықтыру сәті, ширату, шығармашылық жұмыс және т.б.
|
Өздік жұмыс
|
Мұғалім жетекшілігімен жұмыс
|
Сабақтың соңы
|
Нұсқау.
Сыныптағы оқу іс-әрекеті бойынша оқушылардың рефлексиясы және өзін-өзі бағалауы.
|
Сабақты жоспарлау кезеңдері
Бірінші (дайындық) кезең
|
Мұғалім сабақ жоспарының формасын, талаптарды ескеруді анықтағаны жөн (әлеуметтік білім тапсырысын орындау, балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін есепке алу, сабақтағы жұмыс формалары мен әдістерін таңдау, ақпаратты және АКТ-ны пайдалану). Мен қандай болуым керек? Менің оқушым қандай болуы керек? сұрақтарына жауап беру керек.
|
Сабақтың екінші кезеңі
|
Мақсатты тұжырымдау өмірлік маңызды құзыреттерді көрсетуі керек: проблемаларды шешуге дайындығы, өз бетінше танымдық әрекетке дайындығы, қарым-қатынасқа дайындығы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға дайындығы, әлеуметтік өзара әрекетке дайындығы, өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі жүзеге асыруға дайындығы.
Сабақта: проблемалық жағдаят құру, сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою, алдағы жұмыс жоспарын талқылау
|
Сабақтың үшінші, негізгі, кезеңі
|
Оқушыларға қажетті ақпаратты беруге, жұмыстың алдын ала нәтижелерінің сапасын бағалауға негізделген.
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін тапсырма мен өздік жұмысты кезектестіру. Өзіндік жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оқушылар орындайтын әрекеттердің ұтымды реттілігінің көрсеткіші болып табылатын егжей-тегжейлі оқыту тапсырмаларын әзірлеген жөн. Оқыту моделін жүзеге асыру: оқушы – мұғалім, мұнда мұғалім көмекші және кеңес беруші ролін атқарады, оқушы – оқушы, яғни, өзара көмек және өзара тексеру.
Заманауи оқыту әдістері мен тәсілдерін, педагогикалық технологияларды пайдалану.
|
Сабақтың, төртінші, қорытынды кезеңі
|
Барлық оқу-танымдық іс-әрекеттердің нәтижесін бақылау, оқушылардың іс-әрекетін түзету және бағалау.
|
Бағалау. Әр топ тренердің белгісі бойынша сағат тілімен қозғалып, келесі топтағы әріптестерінің жұмыстарын бағалайды, комментарий жазып отырады.
Өзін-өзі бағалау. Топтардың спикерлерінің сөйлеуі. Топтар өз жұмыстары бойынша пікірлерді оқиды, талқылайды, қорытынды жасайды, өзін-өзі бағалайды.
Топ спикерлері басқа топтардың пікірлерін және өзін-өзі бағалауды ескере отырып, аудитория алдына сөйлейді.
С4 кезеңі. Қорытынды
«Рефлексиялық нысана» әдісі. Тыңдаушылар нысана ортасына жақындығы тұрғысынан - 4 рефлексивтік пікірдің әрбіреуі бойынша барынша қол жеткізу нәтижелерін қысқаша талдайды
Тақырып 2.6 Біріктірілген сынып-комплектілеріндегі сабақтың қысқамерзімді жоспарының құрылымы және түрі
Оқыту нәтижелері:
- ШЖМ бірлескен сыныбында сабақтың түрлері, құрылымы және ерекшеліктері туралы білімдерін көрсетеді;
- бірлескен сыныпта сабақты жоспарлау кезеңдерін талдайды;
- біріктірілген сыныптардағы пәндер бойынша қысқа мерзімді жоспар әзірлейді.
Сабақтың сценарийі
С1 Кезеңі. Байланыс
«ББҮ кестесі» тәсілі
«ББҮ» кестесінің 1-бағанын толтыру
Б – біз не білеміз
|
Б - не білгіміз келеді
|
Ү - біз нені үйрендік, нені үйренуіміз керек
|
|
|
|
C2 кезеңі. Теория
Тақырып бойынша интерактивті дәріс: Шағын жинақты мектептің аралас сыныптарындағы қысқа мерзімді жоспарлау түрлері (И.Т. Огородников бойынша).
ШЖМ аралас сыныптарындағы қысқа мерзімді жоспарлау түрлері (И.Т. Огородников бойынша):
- Екі сыныпта жаңа материалды меңгеретін сабақ
- Бір сыныпта жаңа материал оқытылатын, ал басқа сыныпта білім мен дағдыны бекіту, өткенді қайталау немесе балалардың білімі мен дағдысын есепке алу мақсатында жұмыс ұйымдастырылатын сабақ.
- Екі сыныпта бұрын үйренгенді қайталау жұмыстары жүргізілетін сабақ
Шағын жинақты мектептің аралас сыныптарындағы қысқа мерзімді жоспарлауды пәні мен тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады:
бір пәндік;
бір тақырыптық.
Бағдарламалардың көптеген тақырыптары әр сыныпта қайталанады, бірақ әртүрлі деңгейде, сондықтан оқу процесін осы тақырыптар бойынша сабақтар барлық сыныптарда бір мезгілде өткізілетіндей етіп жоспарлауға болады. Бұл ретте мұндай сабақтарда уақыттың бір бөлігін барлық сынып оқушыларына арналған әңгіме, әңгімелесу, тәжірибе көрсету, суреттер, кестелер және т.б. үшін пайдалануға болады, ал қалған уақытта әр сынып оқушылары жекелеген тапсырмалар бойынша сынып жұмысы.
ШЖМ-да аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады. Оның құрылымы келесідей:
- оқушыларды сабаққа ұйымдастыру;
- өтілген материал бойынша қайталау және оқу жұмысы;
- жаңа материалды түсіну және меңгеру бойынша жұмыс;
- білімді практикада қолдана білу дағдылары мен дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс;
- үйге тапсырма.
ШЖМ аралас сыныптары үшін жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламалары бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар. Әдістемелік нұсқаулар. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰАО, 2019. – 160 б. (Портфель 2.6)
Достарыңызбен бөлісу: |