Жұмыстың орындалуына әдістемелік нұсқау Ампулалық шынының химиялық тұрақтылығын анықтаудың феноДНталеиндік әдісі (Д.И.Попов және В.А. Клячкина бойынша).
Бұл әдіс сирек қолданылады, себебі жобамен анықталады.
Дайындалған ампулаларды 2 мл суға 1 тамшы 1 % феноДНталеиннің спирттік ерітіндісі тамызылған, дистилденген сумен толтырып, дәнекерлеп 3 бөлікке бөледі:
1 -бөлік ампулаларды 30 мин. 100 º С;
2- бөлік ампулаларды 20 мин. 120 º С;
3- бөлік ампулаларды салыстыру үшін қалдырады.
Егер ампула маркасы НС-3, НС-1 болса, автоклавтаған кезде де қызғылт түс пайда болмайды. Егер 100 С –та стерилдеу кезінде түсі өзгермесе, бірақ автоклавтау кезінде пайда болса, онда бұл ампулалар тұрақтылығы төмендеу шынының НС-2 маркасынан жасалған. Егер қызғылт түс стерилдеудің екі жағдайында да пайда болса, бұл ампулалар АБ-1 маркасынан дайындалған және оларда тек майлы ерітінділерді босатуға болады.
Жұмысты орындау барысында студенттер техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария жағдайларын және оқу лабораториясындағы ережелерді қатаң сақтау керек, ампулаларды ашу кезінде және дәнекерлеу кезінде (спиртовкамен жұмыс істеу кезінде) мұқият болуы керек.
Білім берудің және оқытудың әдістері:кіші топтармен жұмыс.
Тапсырма N 1. Тұрақтандыруды талап ететін шаншуға арналған ерітінділерді дайындау керек:
- новокаин 0,5%, 1%, 2% ерітінділері;
- кофеин натрий бензоаты 10%, 20% ерітінділері.
1. Новокаин ерітіндісі
2. Кофеин натрий бензоаты ерітіндісі
Новокаин 5 г
Кофеин натрий бензоаты 100 г
Тұз қышқылы ерітіндісі 0,1н. рН дейін 3,8-4,5
Натрий гидроксиді ерітіндісі 4 мл
Шаншуға арналған су 1 л дейін
Шаншуға арналған су 1 л дейін
Тапсырма N 2.Жеңіл тотығатын заттар шаншуға арналған ерітінділерін дайындау керек: