4 Қателік. Әрекеттің бағдарламасы жоқ немесе оны жүзеге асыруға қабілетсіз
Балалар психологиясының ерекшеліктеріне қайта ораламыз. Олар әлі уақытты жоспарлауды білмейді, болмайтын қалауларына алданады, қазір жасайтын әрекетінің болашақтағы маңыздылығын түсіне бермейді. Кішкентай тұрмақ, ересек балалардың өзі қазір нәтиже беретін іспен ғана айналысқысы келеді. Ұзақ мерзімді перспективасы бар дүниеге аса қызыға қоймайды.
Соған қарамастан, әр тұрмыстық тапсырманың орындалу реті бар. Яғни, қадам-қадам бойынша жасау керек.
Неге балаларға осыны жасау қиын?
Біріншіден, баланың жасына байланысты тапсырманың маңыздылығы тұрмақ, әр қадамын есіне сақтау қиындық туғызады.
Екіншіден, бұл балаға қызықсыз әрекет болғандықтан, оны жасауға ешқандай мотивация болмайды.
Осы жағдайларды ескере отырып, баланың өз бетімен, өз еркімен әрекет жасай қоймайтынын түсінуге болады. Бірақ ата-аналар, баласына қызықсыз болса да, тапсырманы ерекше ықыласпен орындаса деп армандайды.
Ата-аналардың өзінде әрекет ететін нақты бағдарлама жоқ болмағанда жағдай қиындайды. Олар алдын ала дайындаудың орнына, сол сәттегі мүмкіндіктерге байланысты шешім қабылдайды.
Мысалы, Сәуленің анасы баласының әңгімесіне назар аударып отырып қалады. Ал Мирас ұйықтауға дайындалу керек. Кейде ата-ана болмашы нәрсеге алданып, дәл қазіргі жағдайға қатысы жоқ әрекет жасауға өздері себепкер болады да, баладан ұйымдастырушылық пен жинақылықты талап етеді.
№2 Көмек. Әрекеттің нақты бағдарламасын жасаңыз
Тағы да қайталаймын. Егер ересек адам уақытын дұрыс ұйымдастыра алмаса, кішкентай баладан ештеңе күтпесін.
Бұл жағдайды қалай өзгертуге болады?
1-қадам. Бала қандай тапсырманы орындауға қиналады? Оны тіл алмаған қылығына қарай білуге болады. Әдетте, бала қолынан бір нәрсе келмегенде немесе қиналып жасағанда осындай мінез-құлық көрсетеді.
2-қадам. Ол қандай қадамдар жасағанда қиналады. Нақты нені жасай алмайды? Соған мән беріңіз.
3-қадам. Осы қадамға ерекше назар аударып, балаға көмектесіңіз.
Егер түсінбесе, нұқсаулықты бөліп тастаңыз;
Іші пысып кетсе, ойын қосыңыз немесе жанама мотивация қосыңыз;
Қарсылық көрсетсе, іс-қимыл (телесные подсказки) әрекет қосыңыз.
Баланың кез келген ынтасына, өзіңіз қалайтын әрекетіне қарай мақтап, бекітіп, стимул беру керек екенін айтпасам да білесіз деп ойлаймын.
Мысалы, бала ұйықтайтын уақытта белсенді болмауы керек. Сіз бұл кезде баланы басқаруыңыз керек. Егер бала тіл алмаса, бұл әрекетін түзеуге көмектесіңіз. Бұл жағдайда қалай дегенмен, балаға біраз нәрсені жасауға тыйым салуға тура келеді.
Ата-аналар көп жағдайда балаға тыйым салуға қорқады. Бірақ бұл процесс қалай болатынын есімізге түсіріп көрейікші. Емшек еметін балалар, аналары құшақтаған кезде тынышталады. Ересек балалар да жеке шекара болғанын қалайды. Олар өздерін сол кезде қорғалған, комфортта сезінеді. Бұл шектеулер баланың үлкен өмірге әлі дайын емес екенін білдіреді.
Эпилог
Міне, біздің соңғы сабағымыз да аяқталды.
Балалардың құпия психологиясын білуге бұл сабақ жеткіліксіз. Бұл білімді бірден тәжірбиеге айналдырып, шыңдау керек. Сіздер балаға дұрыс тәрбие беруге дұрыс фундамент құйдыңыздар!
Егер бұл білімді бала тәрбиесінде күнделікті қадам-қадам бойынша енгізсеңіздер, үлкен көмегін тигізеді. Дағды қалай қалыптасады? 100 рет қателесіп, 101 рет қана дұрыс болатынын ұмытпаңыздар!
Міндетті түрде бәрі орындалады. Сіздер осы сабаққа балаларыңызбен қарым-қатынастарыңыз жақсарту үшін қатыстыңыздар. Яғни өзгеруге дайынсыздар!
Сәттілік тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: |