Сабақ «Сөздер жеткіліксіз болған кезде» №4 Практикалық тапсырма


-қадам. Алдымен балаға айту және көрсету керек 2-қадам



бет2/4
Дата03.10.2024
өлшемі48,99 Kb.
#146602
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
5-сабақ

1-қадам. Алдымен балаға айту және көрсету керек
2-қадам. Қайталау
3-қадам. Баланың бірінші рет жасағаны дұрыс шықпай, қателесуі әбден мүмкін.Оны түзетіп, мақтау керек.
Осы 1-3 қадамды бірнеше рет қайталаймыз. Бала жүз рет қателеседі, 101 рет дұрыс жасауы мүмкін, бірақ қателесуі де ғажап емес.
Байқағандарыңыздай, қабілет, дағды автоматты түрде жасалынуы үшін өте ұзақ уақыт үйретіп, қатесін түзеп отыру керек болады. Сондықтан ата-ана осы сәтте баланың жанында болып, оны міндетті түрде қадағалауы керек!
Қанша уақыт бақылауымыз керек? Бала сонда өз еркімен ештеңе жасай алмай ма дерсіз. Жоқ, олай емес. Сіздің баланы бақылауыңыз оның тәуелсіз болуына байланысты өзгеріп отырады. Бұл сұраққа біз әлі ораламыз.

2 Көмек. Бала өз бетімен айтқанды орындап үйренгенше, оны бақылаңыз


Сіздер балаға пайдалы әдет пен дағдыны үйретудің маңыздылығын түсіндіңіздер. Енді оны қалай дұрыс қолдану керектігі жөнінде айтайық.
Осы күнге дейін оқығандарыңызды қолданыңыздар:
Баланы алаңдататын дүниелерді алып тастап, назары тек тапсырмада болатындай жағдай жасаңыз;
Нұсқаулықты нақты және сенімді түрде беріңіз;
Қажет жерде іс-қимылмен көмек беріңіз;
Бала әрекетке көшкенде мотивация беріп, мақтаңыз.
Бала тапсырманы толық түсініп, жасай бастағанда бақылауды азайтыңыз. Бірақ көз қырыңызды салып қоюды ұмытпаңыз.
Олар көбіне тапсырманы тыңғылықты орындамайды. Бала басқа нәрсемен алданып кетуі немесе қателесуі мүмкін. Осы кезде сіз қадағалауыңыз қажет. Балаға тапсырманы орындауға және қатесін түзетуге көмектесіңіз.
Бұл процесс бір жағынан биге ұқсайды. Екеуіңіз кезек-кезек қадам жасайсыздар:
Балаға қимылды көрсетесіз, ол сізден көргенін қайталайды;
Одан кейін белсенділік таныта бастағанда, сіз басыласыз. Жай ғана сыртынан бақылап тұрасыз;
Баланың белсенділігі төмендегенде, басқа нәрсемен шұғылданып кеткенде немесе қателескенде, сіз тапсырманы есіне саласыз, орындауына көмектесесіз т.б.
Бұл жерде сізге оңай болмайды. Баланың басқа нәрсеге алаңдап, тапсырманы орындағысы келмегенін көргенде, өзіңізді кінәлайсыз. Сіз бала әдейі жасап тұр немесе мүлдем ештеңе жасағысы келмейді деп ойлауыңыз мүмкін.
Бұлай қабылдасаңыз, балаға бірден ашуланып, айқайлағыңыз келеді. Өйткені сіз баладан көп нәрсе күтесіз. Қызым немесе ұлым барлығын өздері жасау керек деп өзіңізді сендіріп қойғансыз.
Әрине, физикалық тұрғыдан олар бәрін жасай алады. Бірақ өзін бақылау мен басқару, мотивация мен автоматизацияға келгенде тапсырманы басынан аяғына дейін орындауға қабілеттері, шамалары келмеуі мүмкін.

Байқасаңыз, бала тұрмақ үлкендердің өзінде мұндай проблемалар болып тұрады. Біз де жоспарымыздан ауытқып кетеміз немесе жасамай қолды бір сілтейтін кездер де болады. Кейде өзімізді қинап жасаймыз. Өкінішке қарай ма, әлде қуанышқа орай ма, ондай қабілет балада да дамымауы мүмкін.


Бала анасының көмегіне, қолдауына зәру болғанда, аналар сын айтып, мін тағып қателік жасап жатады.
Сол кезде мынандай заңдылық іске қосылады: «біз қаламайтын әдеттерді айта бергеннен, ол көбейе береді». Және баланың тапсырманы орындауға негативті көзқарасы дамиды. Сіздің сөзіңізді ести сала қарсы шығады, еркелейді, жасағысы келмейді. Орындамақ түгілі!
Бұл жағдайда не істеу керек?
Бала басқа нәрсемен айналысып кетсе көңіліңізді түсірмеңіз. Адекватты түрде қабылдап үйреніңіз. Оны балаға көмектесу, бақылауды күшейту керек деген дабыл деп қабылдаңыз.
Ол қалай көрініс табу керек? Сіздің бақылауыңыз қолдау мен басқаруда болуы қажет. Әрине, айқайлап, теріс бұрылып кетіп қалу оңай. Бірақ балаңыз сіздің айтқаныңызды тыңдап, сыйласын десеңіз, басқа жолды таңдауыңыз керек.
Нұсқаулықты қайтадан беру;
Нақтылау;
Қажет болса іс-қимылды қолдану
Сіздің көмегіңізден кейін балада нәтиже болса, міндетті түрде мақтау.
Осыларды жасасаңыз, өкінбейсіз! Кішкене шыдамдылық танытып, ақылдырақ болыңыз. Сонда балаңызбен мақтанатын боласыз. Қарым-қатынастарыңыз жақсарады, сенімділік артады.
Әрине, осылай болғанын әр ата-ана қалайды. Бірақ кейде баламыз тапсырманы тыңғылықты орындаудың орнына, басымызды қатырып, ашуландырады ғой. Сол кезде не істеуіміз керек? Айқайлап, көндіріп немесе ашуланып тұрсақ та шыдауымыз қажет пе? Қане, осыны талқылап көрейік.

3 қателік. Тапсырмаға қатысы жоқ әрекеттер мен әңгімелерді қолдау


Кейде нұқсаулық та, мотивация да, мақтау да көмектеспейтін жағдай болады. Мысалы, жылап, көнбей тұрған баланы ұйықтату, тамақ жегізу, жасағысы келмейтін нәрсені күштеп жасату. Мысалы, үй тапсырмасын.
Осындай кезде бала әртүрлі себептерге байланысты шаршап, ерегесіп, қырсығып сіздің өтінішіңізді орындамауы мүмкін.
Біз осыны көре тұра, әр кезде әртүрлі әрекет жасаймыз. Жарайды, кішкене мультфильм көрсін, ойнай тұрсын, ішсін, жесін деп, барлық қалауына ерік беріп, ӨЗІ басылады деп ойлаймыз.
Бұл жерде қандай қателік бар? Бала өзі қояды деп бар жауапкершілікке итере салу.
Естеріңізде болса, кішкентай балалардың өздігінен тынышталып, өз қалауынан бас тартуы әлі қалыптаспаған. Үлкенірек балалар ұйымдастыру жағын жасай алады, бірақ оларда мотивациямен проблема болуы мүмкін.
Бала қиын нәрсені жасағысы келмейді. Оның ішкі қарсылығын тежеп, ойын жинақтауға жетекші немесе көшбасшы (лидер) керек.
Қалай дегенмен, балаға кез келген жағдайда көмек қажет. Ал ата-ана тапсырмаға қатысы жоқ өтініші мен сөзін қолдау арқылы оған кедергі келтіреді.
Ол қалай көрініс табады?
Тәжіриебенің жоқтығы немесе өзіңе сенбеу: мүмкін мен баламды толық білмеймін және түсінбеймін. Ал оған шынымен көп уақыт керек шығар?
Егер мен бас тартсам, оны ренжітіп алмаймын ба?
Ол өкпелеп, истерика көтеріп жүрсе, жағдай одан сайын нашарлай ма?
Егер балаңызды жақсы білсеңіз, бұл қорқыныштар түкке тұрмайды. Сондықтан өзіңізге және тәжірбиеңізге көбірек сеніңіз. Балаңыздың қай кезде көмекке зәру екенін, ал қай кезде еркелеп тұрғанын сіз жақсы білесіз. Егер оны бақыламасаңыз, нені жасай алады, ал нені жасай алмайтынын сізден артық ешкім білмейді.
Мен түсініп тұрмын. Сіз балаңызды үнемі бақылап отырсаңыз, ол өздігімен шешім қабылдай алатын тәуелсіз адам бола алмайды деп қорқасыз.
Бірақ бұл жерде логика басқаша!
Бала «қателескен» кезде көмек бермесеңіз, оның жетістікке жетуіне кедергі жасайсыз. Сәтсіздіктер, ұрыс, конфликты мотивация мен өзіңе деген сенімді жоғалтады, Баланың өзіне деген сенімі мен жетістікке жеткізетін тәжірибесі күн сайын өседі. Ал жетістікке мотивация беретін тек жетістік. Бала өскен сайын сіздің бақылауыңыз азая береді. (егер сіз тым беріліп кетпесеңіз). Ал мотивация үнемі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет