Сабақ «Сөздер жеткіліксіз болған кезде» №4 Практикалық тапсырма



бет3/4
Дата03.10.2024
өлшемі48,99 Kb.
#146602
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
5-сабақ

Маңызды ескерту! Назар аударыңыз, көмек беру, қадағалу баланың орнына тапсырма орындау емес. Балаға көмектесу үшін тапсырмаға тағы да назар аударып, көңілін көтеріп, оны дұрыс жасау үшін мотивация беру керек. Әрине, кейбір әрекеттерді баланың жасына, жағдайға байланысты бірге жасауларыңыз мүмкін. Бірақ сіздің бақылауыңыздың негізгі мәні баланың бір істі басынан аяғына дейін жеткізіп, жетістікке жеткізу.

3 Көмек. Нұсқаудың орындалуына кедергі келтіретін әрекеттерді кесіп өту


Бала сізге қажет емес әңгімелер айтса, тым белсенді болса не істеу керек?
Жауап түсінікті, бірақ оны жүзеге асыру оңай болмаса да.
Қажет емес, орынсыз іс-әрекеттерді дер кезінде тоқтау керек. Баланың айтқанына көніп, сізді басқаруына жол бермеңіз. Осындай кезде ата-аналарда белгілі бір қиындық туындайды.
Оны қалай жасау керек?

  1. Балаға қазір олай жасауға болмайтынын ескерту.

  2. Нені жасауға болады және жасау керек екенін айту

Бәрі түсінікті, бірақ бала тыңдамайды ғой дерсіз. Әрине, егер сіз сөзіңіз бен әрекетіңізді байланыстырып алмасаңыз.
Оны жасау үшін біліміңізді қолданыңыз: іс-қимылмен көмек беріңіз. Бала тұрып кетсе, жатқызыңыз. Егер айналып жүрсе, тоқтатыңыз. Көрпесін ашып тастаса, жамылдырыңыз. Егер тіл алмай, есіңізді шығарса, белгілі бір уақыт ешқайда жібермей ұстап тұрыңыз. Және нұсқаулықты қайталаңыз: жат, қырыңмен жатып көзіңді жұм. Дәл қазір сізге кедергі келтіріп тұрған әрекеттерін қатал және жедел түрде тоқтатып тастаңыз.
Тағы да мысалдар.
Егер бала әңгімелесуді бастаса, қазір сөйлесіп отыратын уақыт емес екенін айтып, оны нақты және сенімді түрде бөлсіңіз.
Егер көнбей секіріп, қашып мазаңызды алса, оның орналасқан жерін бақылаңыз. Мысалы, бала тыныш отыра алмай орындығынан тұра берсе, оны бір жағынан кереге, екінші жағынан өзіңізге тіреп қойыңыз.
Егер бала қолына бір зат алып, сонымен алданса, қазір бұлай жасайтын уақыт емес деп (сөзбен) түсіндіріңіз. Қолыңызбен тоқтатып (әрекетпен), тапсырманы есіне түсіріңіз.
Бұл дегеніміз, сіз балаға «жоқ, болмайды» деп нақты айтуыңыз керек. Әрине, «жаман ана» болу қорқынышты, бірақ біз баланы кейбір дүниелерден шектеп, қажетті бағытқа бақыттамасақ, сау әрі бақытты бала тәрбиелеуіміз қиын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет