8-бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті Сабақ тақырыбы: №124-сабақ. Ардагерлерді ардақтайық! Нұсқаулық жазу Сабақ мақсаты:
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру.
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету
Бағалау критерийлері - өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды;
- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді;
- мұғалімнің көмегімен сызба, график пайдаланып нұсқаулық жазады.
ҚұндылықтарӨз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс. Әдебиеттік оқу, дүниетану
Ресурстар:
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау
Сабаққа қатысты ескертпелер І. Ұйымдастыру кезеңі. (МК, Ұ, Ө) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/ диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау Қазақстандық Ұлы Отан соғысы батырларының фото галлереясын ұйымдастыру. Білген ақпараттарымен бөлісу. Сабақ мазмұнын болжау.
Бауыржан Момышұлы Нұркен Әбдіров Мәлік Ғабдуллин
-
Қазақстандық Ұлы Отан соғысы батырлары туралы не білесіңдер?
Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын белгілеу.
(Ө,Т ) «1 минуттық жазу» әдісі.Жеңіс күні тақырыбына сөздер жазу. Сөз санын белгілеу.
І кезең. (Ө) 1 минут ішінде Жеңіс күніне қатысы бар сөздер тізбегін жазу. Сөз санын анықтау.
ІІ кезең. (Т) 1-2 нұсқада отырған оқушылардан топ құру. Өзара топта идея алмасу, сөз қатарын толықтыру. Сөздердің аясын кеңейту, толықтырып жазып алу. Сөз санын анықтап, белгілеу.
(Ж) Өзара жұмыстарын тексеру. Қателерді белгілеу.