3.3.4.1 (Ө; Ж; Т) «Бірлесіп жазу» стратегиясы. «Ардагерлерді ардақтайық!» Нұсқаулық жазу. 25-жаттығу. Сурет тақырыбын анықтау. Өз ойын дәлелдеу.
Сурет бойынша 7 тірек сөзді белгілеу. Тірек сөздер қатарын сыныппен бірге талқылау.
Жұпта ақылдаса отырып, сөз тіркестерін құрастыру.
Топта сөз тіркестерін қатыстыра отырып нұсқаулықтың сөйлемдерін құрастыру. (Шимай жазу)
Сөйлемдердің түсінікті, сөздердің орын тәртібі сақтаулуын тексеру. Таныстыру.
Нұсқаулықты өз бетінше жазып шығу.
3.3.5.1 (Ж,Қ) Жұмыстарын таныстыру. Өзара орындаған жұмыстарын тексеру.
Қатемен жұмыс ұйымдастыру. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерінің түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз орындағандар өз алдына топ құрайды және оларға өз бетінше жұмыс беріледі.
Дескриптор
нұсқалық құрылымын сақтайды;
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;
қатесіз, сауатты жазады;
қателерді анықтай алады.
ІІІ. Рефлексия (Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау.
Бағалау критерийлері
Өз бағам
Мұғалім бағасы
өз бетінше мәтіннің тақырыбын анықтайды
мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдайды
суретті пайдаланып нұсқаулық құрап жазамын
жіберілген пунктуациялық қателерді тауып, түзете аламын
жіберілген стилистикалық қателерді тауып, түзете аламын
Үй тапсырмасы: 24-жаттығу. Мақалды оқып, мағынасын түсіндіру. Х, һ дыбыстары бар сөздерді тауып, олардың айтылуы мен жазылуын естеріне түсіріп, игерген білімдерін бекітеді.
Пайдаланылған әдебиеттер Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар), 2018 ж.
«Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ. Қазақ тілі. Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж