Бөлім: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер
|
МЕКТЕП: №204 ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ
|
КҮНІ: 11.10.2023
|
Мұғалім: Базарбаева М.М.
|
СЫНЫП: 5 Д
|
Қатысқандар : Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Балаға ат қою
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты
|
5.1.2.1 әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама) көтерілген мәселені түсіндіру
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар: мәтінді тыңдап, көтерілген мәселені айтады
Көпшілігі: мәтіндегі көтерілген мәселені ұлттық құндылықпен байланыстырады
Кейбір оқушылар: мәтіндегі көтерілген мәселені қазіргі өмірмен байланыстыра отырып диалог құрады.
|
Бағалау критерийі
|
көтерілген мәселені талдайды;
ұлттық құндылықпен байланыстырады;
тақырыпқа байланысты диалог құрады.
|
Ойлау дағдысының
деңгейі
|
Білу, түсіну, қолдану
|
Құндылықтарға баулу
|
Зайырлы қоғам және жоғары руханият
|
Жоспар:
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 мин
|
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары түгенделеді.
Топқа бөлініп, бағалау парағы таратылады. Жағымды психологиялық ахуал. «Сенің есімің» Оқушылар бір-біріне кезекпен түріне, ақылына, мінезіне және т.б. сай, есіміне сөз қосып айту, Мысалы: ақылды Айгерім, сұлу Сымбат.
Оқушылар доп таңдау арқылы 3-топқа бөлінеді. 1-топ Сәкен, 2-топ Ілияс, 3-топ Бейімбет деп үш бәйтерегіміздің есімдерімен топқа бөлемін.
Қызығушылықты ояту.
Балалар, біз бүгінгі сабақта бір-біріміздің атымызға жақсы теңеулер айттық, не себепті деп ойлайсыңдар?
Сендерге қандай есімдер ұнайды және не себепті?
Өз есімдеріңнің тарихын білесіңдер ме?
Ата-аналарың сендерді қалай еркелетеді.
Оқушыларға тақтада сурет көрсетіледі.
(оқушылар жауабы тыңдалады)
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.
|
Оқушылар жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.
Доп таңдау арқылы 3 топқа бөлініп отырады.
Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты ой қозғайды. Сұрақтаға жауап береді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.
|
|
5-сынып «Қазақ тілі» оқулығы
|
|