Сабақ тақырыбы 4-бөлім Заттар мен олардың қасиеттері Су. Ол қандай екен?



бет1/3
Дата11.11.2022
өлшемі1,34 Mb.
#49388
түріСабақ
  1   2   3

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: 80 мектеп-гимназия

Күні: 11.12.2017 ж

Мұғалімнің аты-жөні : Смагулова М.Е.

Сынып: 2 «Г»
Пән: Ғылымға кіріспе



Қатысқандар:
Қатыспағандарсаны:




Сабақ тақырыбы


4-бөлім
Заттар мен олардың қасиеттері



Су. Ол қандай екен?






Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2.4.5 Судың адам өміріндегі маңызды, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру және олардың қызметтерін атау;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйренеді
Оқушылардың басым бөлігі: су туралы түсінік алады және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы біледі.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Күтілетін нәтиже

Судың табиғатта баға жетпес сый екенін біледі, түсініктерін қалыптастырып дамытады. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттауға үйренеді



Бағалау критерилері

Судың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат ала отырып, суды қорғау керек екенін түсінеді

Тілдік мақсат

Оқушылар «су», «табиғат» сөздерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрайды.










Құндылықтарды дарыту

Судың маңыздылығы жайлы айта келе суды үнемдеуге тәрбиелеу.

Алдыңғы меңгерілген білім



Мөлдір денелер және материалдар



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар



Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі. Бір-біріне сәттілік тілеу(смайликтер қолдану)
Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл
Қауіп-қатер төнсе оған
Қамқорға алып сүйе біл
Топқа бөлу (қызыл, сары, көк, жасыл қағаз қиындылары арқылы)
Өткенді қайталау. Шармен практикалық жұмыс
«Ауа туралы» ассосиация. Желпуіш әдісі арқылы бағалау

Смайликтер
Түрлі-түсті қима қағаздар
Желпуіштер

Сабақ ортасы



Миға шабуыл
«Судыңда сұрауы бар» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Сабақтың мақсатымен таныстыру

-Су дегенде ойларыңа не келеді?


Су сөзіне топтастыру жұмысы:шық, мұз, бу, тұман, мұздақ, қар, жаңбыр, сел, көл, өзен, теңіз, мұхит.


Су туралы түсіндіру. Картамен жұмыс.
Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің үштен екі бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу – мөлдір, түссіз газ. Бу – судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады. Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады.
Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету)
Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.
Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен? (балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)
Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.
Тәжірибе жасау.
1. Судың нақты пішіні болмайды.
2. Су – мөлдір. Судың түсі жоқ. Ол түссіз.
3. Судың дәмі жоқ.
4. Судың иісі жоқ.



Тәжірбелер.
І.Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет