1-тапсырма«Ой ашар» сұрақ - жауап әдісі
- Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
- Біздің Отанымыз -....
- Біздің ана тіліміз қандай тіл?
- Елбасымыз кім?
- Балалар, біз қандай елміз?
- Қай жылы тәуелсіздік алдық?
- Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
- Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
- Рәміздерімізді атаңдар.
Дескриптор: Сұрақтарға жауап береді.
Өз ойларын жеткізе алады.
Негізгі ойды анықтайды.
ҚБ Дескриптор нәтижесінде бағалаймын
2-тапсырма Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. (Отан, ел, туған жер, ерлік туралы)
Егемен елдің _______ биік. (еңсесі)
Отан үшін отқа түс _________, (күймейсің) Арың үшін алыссаң _________ (өлмейсің)
Ерлік пен бірлік _________ (егіз)
Туған жерге _____ тік. (туың)
Бөтен жердің _________, (гүлінен)
Туған жердің ________ артық. (тікені)
Отанға ________ еткенің, (опасыздық) Өз түбіңе өзің жеткенің.
________ адам – _________ бұлбұл. (Отансыз, ормансыз)
Басқа жердің отынан туған жердің _______ артық. (түтіні)
Бүгінде біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.
Ән «Атамекен»