Сабақ тақырыбы Абайдың «Жетінші қарасөзі»


Тапсырмалар бойынша саралау



бет4/6
Дата08.12.2023
өлшемі425,74 Kb.
#135435
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Абайдың жетінші қарасөзі 6-сынып

Тапсырмалар бойынша саралау барысында материалды қолдану деңгейі біртіндеп күрделенеді. Тапсырмалар күрделірек болғанымен, бастапқы деңгейді нәтижелі орындаған оқушылар үшін қиындық туғызбайды.
Диалог негізінде саралау барысында оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі.Әр оқушының қабылдау деңгейіне сай сөздік қор және қолданылатын тілдің мүмкіндіктері бейімделеді. Барлық оқушыға «Табыс сатысы» әдісі арқылы диалог аясында тиімді сыңдарлы кері байланыс беріледі.
Оқушыға жеке қолдау көрсету диалог ресурсымен байланысты, себебі кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізуі үшін арнайы көмекті қажетсінеді. Көмек ауқымы мен деңгейі де оқушы қажеттілігіне сай сараланады. Қабілетіне, деңгейіне қарамастан әр оқушыға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.
Сабақты жоспарлау барысында қанша тапсырма ұсынылатындығы және оларды орындау жылдамдығы ескеріледі.
Оқушының дербестігі мен жауапкершілігібойынша саралау « Бас бармақ », «Жетістік баспалдағы», «Бағдаршам» әдісі арқылы өзара бағалау мен өзін-өзі бағалайды. Оқушылар қалыптастырушы бағалаудың аталған түрлерінің мәнін жылдам түсініп, тапсырманы нәтижелі орындайды.
Сабақ барысында оқушылардың нәтижелі жұмыс жасауда өзін қалыпты сезіну, алаңсыз жұмыс жасаудағы қозғалыс пен тыныштық қажеттілігін ескеруде оқыту ортасы қалыптастырылады.«Тұжырымдамалық карта» әдісі тапсырмаларын орындауда ынтымақтастық оқыту тәсілі бойынша шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына өз үлесін қосады.Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ауқымды пікірталас жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік беріледі.



Жоспардағы сараланып алынған тапсырмалардың орындалу нәтижесін бағамдау үшін, әр тапсырмадан соң бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылады.
Оқушылардыңдағдысының қалыптасу және білім меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушыларды ынталандыру үшін оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін жеке, топтық жұмыс түрлері ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет