Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісі Өзіңізді бүгінгі тапсырмаларды орындауда, сабақты меңгеру бойынша қай сатыдамын деп ойлайсыздар? Оқушылар бүгінгі сабақты түсінгені бойынша стикерлерді«Жетістік баспалдағына» жабыстырады.
1 саты - Маған түсініксіз.
2 саты - Әлі де оқу керек.
3 саты - Барлығы түсінікті.
Үйге тапсырма: «Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы» тақырыбында эссе жазу. Ойыңызға нақты дәлелдер келтіріңіз. Эссенің сөз саны 120 сөз.
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?
Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Ықшамсабақтың жоспарын жасауда тапсырмалар сараланып алына отырып, спиральді қағидат сақталды. ҚМЖ құруда мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталады. Саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Сабақтың мақсаты «Блум» таксономиясы сатысынегізінде оқушыдан дербес шығармашылықпен жауап күтілетін ашық типтегі тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады. «Таза тақта» әдісі арқылы оқушылардың алдыңғы білімін пысықтау жүргізілді .Жаңа тақырыпты меңгеру барысын «Венн диаграммасы»,«Үш қадам» әдісі арқылы тапсырмалар беруде баршаға бірдей түрлі жаттығулар ұсынылады, оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады.