Сабақ тақырыбы Абайдың «Жетінші қарасөзі»



бет6/6
Дата08.12.2023
өлшемі425,74 Kb.
#135435
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Абайдың жетінші қарасөзі 6-сынып

«Табыс сатысы» әдісібойынша кері байланыс жасауда
оқушылар бүгінгі сабақты түсінгені бойынша стикерлерді «Жетістік баспалдағына» жабыстырды.
1 саты - Маған түсініксіз.
2 саты - Әлі де оқу керек.
3 саты - Барлығы түсінікті.

Сабақты талдау, рефлексия, кері байланыс жасау мұғалімнің жұмысын жетілдіре түседі. Келесі сабақты жақсартып, онда қолданылатын әдіс-тәсілдерді, тапсырмаларды, ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.





Сабақ мақсаты қолжетімді болды. Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді.
Оқу мақсатына жетпеген оқушылар болған жоқ. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.
Сабақ кезеңдерінде уақыт тиімді пайдалануда қателіктер орын алды.
Сабақ жоспарынан ауытқу болған жоқ.



Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1. Оқушылар топтық жұмыста белсенділік танытты.
2. Ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» деп аталатын психологиялық ахуал оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1. Оқушылар көбірек сөйлесе.
2. Уақытты тиімді пайдалана білсем.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?





Әдебиет пәні бойынша өтілген белсенді сабақтың өзіндік сараптамасы
Пән мұғалімі: Абзелова Г.Ғ.
Гуманитарлық пәндер апталығында 11.12.2018ж. күні 6 «Ә» сыныбында «Абайдың жетінші қарасөзі» тақырыбында белсенді сабақты алдынан ала жоспар құрып, сабақ мақсатын ойластырып, қолданатын әдіс- тәсілдерін қарастырып, оқушылардың білім деңгейлеріне көңіл бөліп, интербелсенді тақтаны қолданып өткіздім. Қазақ тілі пәні бойынша тыңдалым, оқылым, айтылым, тілдесім, жазылым дағдыларын дамытуға, әрекеттерін арттыруға қойылған мақсаттарын қалыптастыруға жағдай жасау керек. Сондықтан тапсырмаларды түрлендірдім. Сабақ ізденімдік, шығармашылық, топтық, рефлексия әдіс- тәсілдерімен қамтылды.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде сыныпты түстер арқылы үш топқа бөліп алдым. «Жүректен-жүрекке» деп аталатын психологиялық тренинг арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтере отырып, белсенді сабақты бастадық. Үй жұмысын тексеру кезеңінде «Таза тақта» әдісі арқылы жасырын тұрған сұрақтарды ашып, жауабын алу арқылы Абай туралы алдыңғы білімдерін пысықтадық. Интербелсенді тақтадан Абайдың жетінші қарасөзін тыңдаттым.Оқушылардан жетінші сөзінің қысқаша мазмұны сұралды. Бұл сәтте оқушылар видео фильмге назар аударып, тақырыпты атады. Жаңа сөздермен жұмысын слайд көмегімен жүргізілді. «Миға шабуыл» әдіс қолданылған кезде, берілген сөздермен тез арада сөйлем құрауға кірісті. «Зерттеу» әдіс қолданылғанда, мәтінмен жұмысы топпен жүргізілді. «Қолдану» әдісі ұйымдастырылғанда, сурет бойынша сөйлем құрастырылды. Бұл – жеке жұмыс болды . «Салыстыру » әдісімен жұмыс жүргізілгенде, берілген үлгімен салыстырылды. Сергіту сәтінде «Қызыл өрік» видео қолданылды. «Алматы» өлеңі хормен қайталанып, проект сызылды. Деңгейлік тапсырмалар қолданып, «Алматы қаласы» атты әңгіме айтылды. Бекіту кезеңінде оқушылар түсінгенін сызба арқылы көрсетіп,топтық жұмысын іске асырды.Содан кейін формативті және өзін-өзі бағалау әдістері өткізілді. Сабақтың соңында үй тапсырмасы берілді. Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып смайликтардың қасына ілді.
Қойылған мақсатқа жеттім деп ойлаймын, сабақта оқушылар өз білімдерін көрсете білді, белсене қатысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет