Шығарманың негізгі ойын анықтау, ұлттық құндылықтардың маңыздылығына мәтіннен үзінділер келтіру
Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
1.
2.
3.
«Отыз екінші» қара сөздің мағынасын түсіну, негізгі ойды анықтау, шығармадағы ұлттық құндылықтардың маңыздылығын түсіну.
Ақынның биік мұратын түсіну, Абай ұғымындағы «толық адам» болуға, ғылым-білім үйренудің алты шартын өмірде қолданысқа енгізуге талпыну.
Шығармалар бойынша пікір айту, өз ойын дәлелдеу, көркем, жүйелі сөйлеу дағдысын дамыту
«Тілектер бұрқасыны» (Студенттер Абай өлеңдерінен мысалдар келтіре отырып, аудиторияға тілектер арнайды. Мысалы,
Сіздерге «нұрлы ақыл, жылы жүрек» тілеймін.
«Ақырын жүріп, анық басатын» ұстаз болыңыздар.
«Қалың елім қазағыма» тыныштық тілеймін т.б. )
«Конверттегі сұрақ» тәсілі. Балалар конверттен сұрақ алып, жауап береді.
«Сегізаяқ» өлеңінің ерекшелігі неде?
Абай қандай мектептерде білім алды?
17-қарасөзде ғылым қандай төрелік айтады?
Абай шығармаларынан бір үзінді айтып бере аласыз ба?
«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі қандай оқиғаға байланысты жазылған?
Абайдың өскен ортасы туралы не білесіз?
Қарасөз дегеніміз не?
Абайдың өмірінде әжесі Зеренің орны қандай?
«Көңілсіз құлақ, ойға олақ» деп Абай қандай адамды сипаттайды?
Абай заманындағы қоғамның басты мәселесі не еді?
Абай өлеңдері баспадан тұңғыш рет қай жылы жарыққа шықты?
10 мин
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бүгінгі сабағымызда Абай атамыздың «Отыз екінші» қарасөзімен танысамыз. Сабақтың мақсаты-шығарманың негізгі ойын анықтау, ұлттық құндылықтардың маңыздылығына мәтіннен үзінділер келтіру.
Алдымен «Отыз екінші» қарасөзде қолданылатын кей сөздердің мағынасын түсіндіретін кеспе қағаздарын ұсыну:
Хұзур хасил-тыныштық,рахатшылық
Хусудшілік-күндеу,күндеушілік
Хирслану-ашқарақтану,қомағайлану,саң болу.
Ғурурлық-менмендік,мансапқорлық
Мұлахаза-ойласу,пікір алысу.
Мұхафаза-сақтау,қорғау.
Жаһатінде-барлық күшті жұмсау,тырысу. Зинһар-қалайда,әйтеуір.
Енді «Отыз екінші» қарасөзді интерактивті тақтадан тамашалап, нақыл сөздің мағынасына зер салайық: https://youtu.be/5EC1Rr3BM08
Сонымен, қарасөзден қандай ой түйдіңіз? Абай білім үйренудің неше шартын көрсеткен?
5 мин
5. Сабақ бойынша бағалау-өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағаз және электрондық форматта)
1-тапсырма жұптық жұмысқа арналады.
1-қатардағы жұптар: 32-қара сөз бойынша «Жылқы сұлбасымен» жұмыс жасайды. Шығарманың негізгі ойын, басты мәселелерді, өз тұжырымын сұлбаға салады.
2-қатардағы жұптар:32-қара сөз бен 17-қара сөзді салыстырып, Венн диаграммасын толтырады (жаңа тақырып пен өткен сабақты байланыстырады).
3-қатардағы жұптар 32-қара сөздегі «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар.Сол мінез бұзылмасын!» деген ақын ойына «4 сөйлем» әдісімен өз тұжырымын ұсынады:
1.пікір
2.дәлел
3.мысал
4.қорытынды
2-тапсырма. Абай қара сөздерін неліктен адамзаттың рухани азығы дейміз? Қара сөздерде қандай құндылықтар қамтылған? (адамзат үшін білім үйрену, дін , мінез, білім т.б.)
Сергіту сәті. Аудиторияға бірнеше фото ұсынылады.Сол фотодағы тұлғаларды тапқан балаларға кішігірім сыйлық беріледі.
Кері байланыс «Не білетін едім?Не білдім?Не білгім келеді?» тәсілімен алынады.
Бағалау. 23 мин
6. Үйге тапсырма
Теориялық мәліметтерді оқу, 32-қара сөзді оқу, «Үйде орында» тапсырмасын дәптерге орындау (30-бетте) 2 мин