Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену. Топқа бөлу. «Сиқырлы сандықша» арқылы топтарға бөлу. Оқушылар «Сиқырлы сандықшадан» әртүрлі түспен боялған бірдей дөңгелек фигураларды қалауы бойынша алады. Алынған түстерге байланысты оқушылар 4 топқа бөлінеді.
Тапсырма 5. Бір пункттен бір мезгілде жолаушы xкм/сағ жылдамдықпен және велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен шығады. 3 сағаттан кейін олардың арасындағы арақашықтық 45 км-ге теңболады. Егер мұндай жағдай мүмкін болса, жолаушының жылдамдығын табыңыз.
Екі жолаушы бірмезгілде бір пункттен қарама-қарсы бағытта шықты. Бірінші жолаушының жылдамдығы 5 км/сағ, ал екінші жолаушының жылдамдығы 4 км/сағ. Егер олардың жылдамдықтары тұрақты болса, онда x (бүтін) сағаттан кейін олардың арасындағы арақашықтық 40 км болуы мүмкін бе?
Тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға қорытынды жасауын ұсыныңыз: практикалық есептердің шартында айнымалының қандай мәндерінде алгебралық өрнектің мағынасы болады?
Тапсырма орындалған соң мұғалім ұсынған дайын жауап арқылы топтар арасында өзара бағалау жүргізіледі.