Архимед күші сұйықтық немесе газ тарапынан денелерді кері итеруші күш екендігін біледі. Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екендігін біледі:
Арнайы пәндік лексика және терминология: қысып шығарылған сұйық көлемі, сұйық тығыздығы, Архимед күші.
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: Архимед күші- бұл сұйыққа немесе газға түсірілген денелерді … күш.
Архимед күші - … физикалық шамаларға тәуелді.
Дене сұйықта жүзеді, егер оның тығыздығы …
Дене сұйыққа батады, егер оның тығыздығы …
Құндылықтарды дарыту
Құрмет
Оқушылар өзгенің пікірін бөлмей, соңына дейін сабырмен тыңдай біледі. Қажет болса өз пікірін қосады.
Ынтымақтастық Оқушылар топтарда демонстрациялар жасап, бақылаған құбылыстардың себебін түсіндіруде бір-біріне көмек береді. Топта өзара рөльдерді бөліседі.
Формулаларды түрлендіру, өлшемдерді алу математика пәнімен байланысты. Архимедтің математика ғылымына қосқан үлесі туралы да қарастыру. География, Дүние жүзі тарихы пәндерімен де байланыстыруға болады.