Архимед күшін өлшеу әдісі Демонстрация Дене салмағын ауада және суда өлшейміз. Дененің ауадағы және судағы салмақтарының айырмасы Архимед күшіне тең болады.
Денелердің жүзу шарттарына тәжірибелер: Майы бар ыдысқа су құйып, қақпағын жауып, араластырамыз. Ыдысты ашып, тығынды тастаймыз, тығын майдың жоғарғы жағында жүзіп жүреді. Неге?
Қорытынды: су майдан тығыз болғандықтан ол түбінде болады, тығынның тығыздығы су мен майдың тығыздығынан кіші
Судың тығыздығы– 1000 кг/м3 Майдың тығыздығы– 930 кг/м3 Қақпақ тығыздығы– 240 кг/м3 Қақпағы бар банканы алып, іші бос, қақпағын жауып, суға түсіреміз. Банка су бетінде жүзеді.неге? Қорытынды: ауасы бар банканың орташа тығыздығы су тығыздығынан аз. Енді банкаға су құйып, қайтадан суы бар ыдысқа түсіреміз. Енді банка батып кетеді. Неге? Қорытынды: суы бар банканың орташа тығыздығы су тығыздығынан артық болып шықты.
Карандаш, скрепка, монета, тығынды, алма кесегін суға түсіреміз, не байқаймыз?
Сабақтың соңында алған осы сабақта қол жеткізген білімдері бойынша қорытынды викториналық ойын ойнатылады. Сабақтың соңында алған осы сабақта қол жеткізген білімдері бойынша қорытынды викториналық ойын ойнатылады.
Кері байланыс. «Мұғалімге хат» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс береді.