Сабақ тақырыбы Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары. Есептер шығару



бет3/5
Дата12.05.2023
өлшемі458,11 Kb.
#92617
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 сынып ҚМЖ. Архимед заңы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы


5 мин



Ұйымдастыру кезеңі:
І. Өткен сабақта қарастырылған мәселелерді еске алу
1.Сұйықтардағы және газдардағы қысым деген не?
2.Газ және сұйықтардағы қысым қалай анықталады?
3. Газ және сұйықтардағы қысымды қалай өзгертуге болады?
4. Біз қалай тыныс аламыз?Түсіндір.
5.Атмосфералық қысым деген не?Ол жер бетінен биіктікке қалай тәуелді.Неге?
6.Самолеттың қандай биіктікте ұшып бара жатқанын қалай есептеуге болады?




Сабақтың ортасы



 Тақырыпқа шығу (5 мин):
Сыныпқа Сиракуз қаласында болған оқиға туралы бейне фильм көрсетіледі.
Бейнематериалды талдау. Ойларымен бөлісу. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.
С иракуз қаласын картадан көрсету. Ежелгі және қазіргі картадағы бейнесі.

Пән аралық байланыстан: Сиракуз қаласының қоршауда қалуы, Архимед ойлап тапқан құралдар катапульта, Архимед айнасы, пи саны, т.б.


Проблемалық сұрақ? (5 мин)
Қарастырған үзіндіде Тәждің көлемін анықтау керек болды, қалай анықтауға болады?
Оқушылардың жауабын тыңдау.
Тәжірибе (8 мин):
Сұрақ: суы бар ыдысқа пластилиннен жасалған шарикті батырып көреміз, ол сол сәтте батып кетеді. Енді осы пластилиннен қайық жасап батырайық, не бақылауға болады?.
Оқушылар жауабын тыңдау: қайық суда жүзеді.
Жауаптарын талдау, енді осы күшті зерделеп көрелік.Оқушыларға құрал-жабдықтар ұсынылады.
Архимед күші қандай себептерге тәуелді және тәуелді емес зерттеп көрейік.

  1. Топ. Екі түрлі сұйықтыққа бірдей денелерді батыру. Кері итеруші күшті зерттеу

  2. Топ. Архимед күшінің тереңдікке тәуелділігін зерттеу

  3. Топ. Көлемдері бірдей, бірақ әр түрлі материалдардан жасалған денелерді суға батыру

Жұмыс барысын оқушылар өздігінен құрып қарастырады. Нәтижесінде оқушылар ығыстырушы күштің формуласын қорытып шығарады
Бұл заңды Архимед ашқан, сондықтан оның есімімен — Архимед заңы деп аталады.
FА = ρcVдg
Vд-суға батырылған дене көлемі, ρссұйық тығыздығы, g –еркін түсу үдеуі, 9,8 Н/кг.
Жоғары айтылғандарды ескере отырып, Архимед заңын былай тұжырымдайды:
Тыныштық күйдегі сұйыққа (немесе газға) батырылған кез-келген денеге сұйық (немесе газ) тарапынан кері итеруші күш әсер етеді, оның шамалы сұйықтың немесе газ тығыздығын еркін түсу үдеуімен сұйыққа (немесе газға) батып тұрған дене бөлігінің көлемінің көбейтіндісіне тең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет