5Нурасыл:
Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
|
Ержігіт:
Құттықтаймын жан ата,
Қарттардың бұл күнімен.
Мерейіңіз асқақтап,
Қуанта бер үніңмен.
|
6Билал:
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
|
Нұрали:
Атам менің әманда,
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
|
Рамазан: Қалдыратын ұятқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізеді мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
|
Нұрай:
Атам менің әманда
Әділетті бол деген,
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
|
Алмат:
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені?
Мен қазақтың баласы.
|
Нұрдәулет:
Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғанмын
Санаң болса ақылды,
Ешкімнен кем болмадың
|
Жахонгер:
Інің болса мақалшы
Семсер қылыш білегің
Ақылды қыз, ақылды ұл-
Өкпе, бауыр, жүрегің.
|
Аниса:
Ата- бабаң ардақты, Жамандыққа бармапты. Ардақ тұтып үлкенді, Ата жолын жалғапты.
|
Ясмин:
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
|
|