8Рамазан: Қалдыратын ұятқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізеді мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
9Нұрай: Атам менің әманда
Әділетті бол деген,
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
10Алмат: Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені?
Мен қазақтың баласы.
11Нұрдәулет: Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғанмын
Санаң болса ақылды,
Ешкімнен кем болмадың
12Жахонгер: Інің болса мақалшы
Семсер қылыш білегің
Ақылды қыз, ақылды ұл-
Өкпе, бауыр, жүрегің.
13Аниса: Ата- бабаң ардақты, Жамандыққа бармапты. Ардақ тұтып үлкенді, Ата жолын жалғапты. 14Ясмин: Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Сергіту сәті. Жағдаяттан шығу. Жеке жұмыс. Жағдаятқа байланысты сұрақ қойылады. Оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай сол жағдайдан дұрыс жол тауып шығуға тырысады.
-Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Көзінде мұң- қайғы байқалады. Сенімен сөйлескісі келіп әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын сырттай естігенін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің? Баласының пікірі туралы не айтар едің?
-Жалғыз тұратын жалғыз көршің бар. Үнемі сенен көмек сұрайды. Отын- су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың ба?
Қорытынды: «Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымыздыардақтапөтейік! Олардысыйлаңдар, қадірлеңдер!
Қауіпсіздік уақыты