Сабақ тақырыбы: Қатты денелердің балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншікті балқу жылуы



бет3/3
Дата24.09.2024
өлшемі0,59 Mb.
#145465
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
zhinay

Үй тапсырмасы:


Барлық оқушылар істей алады:
«Балқудың өндірісте, тұрмыста қолданылуы», «Ежелгі адамдардың металлдарды қорыту, балқыту технологиясы» шағын хабарлама немесе көрсетілім жасау.


Көптеген оқушылар істей алады:
10.1, 10.2 кестелер көмегімен жаттығу есептерін құрастыру. Оларды шешу.График құру.


Кейбір оқушылар істей алады:
Сапалық есептер шешу
1
Тұщы су 0°C қатаяды. Қазақстанда бір көл бар. Оның бір бөлігі тек аса қатты аязда ғана қатады, ал бір бөлігі болса, 0°C қатаяды.Бұл көлдің атауын атаңыз және мұны немен түсіндіруге болады?
Жауабы: Балқаш көлі. Оның батысқа қарай бөлігі тұщы болады, ол 0°C қатаяды.Ал шығыс жағы тұзды болып келеді, сондықтан төмен температурада қатаяды.
2
Массасы 2 кг жездің температурасының берген жылу мөлшеріне тәуелділік графигін салыңдар.Жез қыздырылып, толығымен балқыған.Жездің бастапқы температурасы 20С.Барлық қажетті есептеулерді алдын ала жүргізіп алыңдар.
Дескриптор:

  • «Балқудың өндірісте, тұрмыста қолданылуы», «Ежелгі адамдардың металлдарды қорыту, балқыту технологиясы» шағын хабарлама немесе көрсетілім жасай алады.

  • Заттың балқу/қатаю үдерісі ойынша есептер құрастыру және оны шешу. Заттың балқу/қатаю үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін құру.

  • Сапалық есептерді шешіп, жауабын дәлелдей алады.Заттың балқу және қатаю үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдап, есеп құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет