Сабақ тақырыбы Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


Ж/Т Оқушыларға тарихи ескерткіштерді қандай түрлерге бөліп қарастыруға болатынын талқылауға беріңіз. Т



бет12/53
Дата05.04.2022
өлшемі1,36 Mb.
#29873
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
Ж/Т Оқушыларға тарихи ескерткіштерді қандай түрлерге бөліп қарастыруға болатынын талқылауға беріңіз.
Т Топтарға тарихи және мәдени ескерткіштер туралы мәлімет беріңіз ( Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы ҚР Заңы).

Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері;
      2) археология ескерткіштері;
      3) ансамбльдер.
Т Оқушыларды төрт топқа бөліп, әр топқа төмендегі тақырыптардың (тақырып ішінде 3 нысанды) және тапсырмалардың біреуін таңдап алуға беріңіз.
Тақырыптар:
  1. Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері қатарында Түркістан, Сығанақ қалаларын, Жошы хан, Алаша хан, Айша Бибі, Қарахан, Бабаджа қатын кесенелерін, Ықылас атындағы Халық музыка аспаптарының мұражайы, Вознесенск соборы, Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі, Жамбыл атындағы облыстық драма театры, Қали Жүніс моншасы, Михаил Архангел соборы, т.б. ұсынуға болады.





  1. Археология ескерткіштері:

Ботай қонысы, Есік, Берел, Шілікті қорғандары, Беғазы-Дәндібай ескерткіштері, Жент, Жанкент, Сауран, Сарайшық қалашығы, т.б.


  1. Ансамбльдер: Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Отырар, Тараз қалалары, Ақыртас сарай кешені, Тамғалы Тас ескерткіштері, Ш.Уәлиханов мемориалдық музей-паркі, Бекет ата мешіт кешені, т.б.




  1. Өз өлкеңдегі тарихи және мәдени ескерткіштер


Критерийлер:

  • Мазмұнның толық ашылуы;

  • Ескерткіштің түрін, мақсатын, ерекшеліктерін көрсету;

  • Ескерткіш тарихы туралы мәліметтерді тиімді ұсыну;

  • Ескерткіш маңызын айқындау;

  • Топ оқушылары барлығының үлесінің болуы;

  • Креативтілігі;

  • Уақыт регламентін сақтау.


Топтарға ортақ тапсырма: Қазақстан картасына ескерткіштердің орналасқан жерлерін көрсету.

Ортақ тапсырмаға мысал:



Оқушылар кескін картада өздеріне берілген ескерткіш орындарын белгілейді. Картаға қарап, ескерткіштердің орналасуына байланысты талқылау ұйымдастыруға болады:

  • Ескерткіштердің орналасуына қарап, әр аймақтың тарихи-мәдени дамуы туралы қандай мәлімет алуға болады?







Соңы





Таңдауға берілетін тапсырмалар:

  1. Теледидар бағдарламасына арнайы репортаж дайындау;

  2. Мектеп оқушыларына арналған тақырыптық журнал шығару;

  3. Шетелдік туристке экскурсия/ жолнұсқа дайындау;

  4. Жарнамалық билборд жасау;

  5. Ескерткіш макеттерін жасау.

Рефлексия:
Не білдім?

Не көрдім?

Не түсіндім?

Нені жетілдіруім керек?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет