Бөлім тақырыбы: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: Білім мен ғылым, әдебиеті пен өнер Сабақ тақырыбы:
Қазақстан тарихы 8-сынып Байкушикова Лаура Рүстемқызы №67 гимназия Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ-«ҰЛТ ҰСТАЗЫ» Оқу мақсаты: 8.2.2.2 – Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау.
Бағалау критерийлері:
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде баға береді;
Ғылыми-ағартушылық қызметімен танысады.
Ғылыми-ағартушылық қызметі: 1921 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы ҚазАКСР-і Халық ағарту комиссары жанындағы республикалық Академиялық орталықты басқарды. Оның жетекшілігімен орталық еліміздегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен айналысты, қазақ мектептеріне арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтар басып шығару ісін ретке келтірді. Ғылыми-педагогикалық мамандар дайындай бастады.
Оның жұмысы барысында қазақ зиялыларының өкілдері белсене қатысты. М.Дулатұлы
Б.Майлин
С.Сейфуллин
Лингвистикалық түсініктерге аңықтама беріліп, тілдің құрылымы зерттеліп, бір жүйеге келтірілген алғашқы қазақ тілі оқулығы «Тіл-құрал» да Ахмет Байтұрсынұлы қаламынан шыққан.
1914ж. Орынборда жарық көрген қазақша әліппесінің мұқаба беті.
Бүгінде Ахмет Байтұрсынұлы жасаған әліпбиді шетелдегі миллиондаған қазақтар пайдаланып отыр. Ахмат Байтұрсынұлы тіл білімі негіздерін және қазақ тілін оқыту методикасын зерттеумен айналысты.1926 жылы ғалымның құнды еңбегі «Әдебиет танытқыш» жарыққа шықты, онда әдебиет тарихы, теориясы мен методологиясы қарастырылып, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалады.
Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуы негізінде жасалған жаңа әліпбидің негізін қалаушы ретінде белгілі. Бірақ түрік тілдерін латынға көшіру басталғаннан кейін 1929 жылы араб әліпбиі ауыстырылды.
1925 жылы Қазақстан Кеңесі V съезінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқына оның байырғы «қазақ» тарихи атауын қайтаруда, еліміздің Қазақ АКСР-і атануына бастамашы болды.
Ол Бакуде өткен I түркология съезіне, Қазандағы халық ағарту қызметкерлерінің съезіне қатысып, білім беру жүйесін дамыту мәселелерін көтерді.
Қазақ элитасының көшбасшысының бірі Ахмет Байтұрсынұлы қоғамдық қызметпен бірге еліміздің жоғары оқу орындарында да сабақ берді.
1921-1928 жылдары ол Халыққа білім беру институтында қазақ тілі және әдебиеті, тарихы мен мәдениетінен дәріс оқыды.
1928-1929 жылдары Қазақ Мемлекеттік университетінің профессоры міндетін атқарды.
Қазақ халқын әлемдік мәдениетке қосуда университетті «Қазақстандағы жоғары білікті қызметкерлерді дайындаушы оқу орны» санады.