Сабақ Тақырыбы: Белоктарға түсті реакциялар


Белоктарды минералды қышқылдармен тұнбаға түсіру



бет5/24
Дата15.11.2023
өлшемі84,9 Kb.
#123027
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Зертханалық сабақтардың орындау нұсқаулығы Биоорганикалық химия 2023 (1) 2

2. Белоктарды минералды қышқылдармен тұнбаға түсіру. Белоктарды концентрлі минералды қышқылдармен тұнбаға түсіру, олардың дегидратация әсерлеріне байланысты. Белоктарды сульфосалицил және үшхлорсірке қышқылдары арқылы тұнбаға арнайы реакциялар қатарына жатады.
Жұмыс барысы: 1. Бір-бір мл белок ерітіндісі құйылған үш пробирканың әрқайсысына сақтықпен 1 мл концентрлі HCl, H2SO4, HNO3 құяды. Әрбір пробиркада екі сұйықтық шекарасында белок тұнбасының ақ түсті сақинасын байқауға болады. Пробиркадағы қоспаны шайқап араластырсақ 1-ші, 2-ші пробиркада тұнбалар еріп кеткенін, ал 3-шіде ерімегенін көреміз.
2. 1 мл белок ерітіндісіне бірнеше тамшы 20%-тік сульфосацил қышқылын HO2OS-C6H4O-COOH қоссақ, тұнба пайда болады. Егер алынған ерітіндіде белок мөлшері аз болса ерітінді ылайланады. Сульфосалицил қышқылы тек белоктарды ғана емес, сонымен бірге жоғары молекулалық заттар және олардың ыдырау өнімдері-пептондар мен полипептидтерді де тұнбаға түсіреді.
3. 1 мл белок ерітіндісіне 1 мл 5%-тік үшхлорсірке қышқылын (СCl2COOH) қосса, ақ түсті тұнба түзіледі. Үшхлорсірке қышқылы тек белоктарды тұнбаға түсірмейді. Бұл биохимиялық зерттеулерде өте қажет, әсіресе белоктың құрамындағы азоттың мөлшерін жеке анықтау үшін, сол сияқты төмен молекулалы өнімдердің азотын анықтау үшін, сол сияқты төмен молекулалы өнімдердің азотын анықтау үшін де /амин қышқылының, несеп нәрінің және т.б./. Оларды қалдық азот деп атайды.
3. Белоктарды алкалоидты реактивтермен тұнбаға түсіру. Алкалоидтар-құрамында азот кездесетін, күшті физиологиялық әсері бар заттар қатарына жатады. Көпшілігі, олардың гетероциклды қосылыстар, пиридин, пиррол, пирролидин, хинолин, индол, пурин және т.б. туындылары болып келеді. Алкалоидтарға, мысалы, морфин, папаверин, атропин, кофеин, эфедрин және емдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бірқатар басқа да қосылыстар жатады.
Алкалоидтарды анықтайтын көптеген реактивтер белокты заттарды да тұнбаға түсіре алады. Оларға: танин, иодты калидегі иод ерітіндісі, иодты калидегі иодты висмуттың ерітіндісі, пикрин қышқылы, сары қан тұзы және т.б. кіреді. Алкалоидтарды ашатын реактивтермен белокты заттарды тұнбаға түсіру, амин қышқылдарының да және алкалоидтардың да құрамына ұқсас гетероциклды топтардың /индолды, имидазольды, пирролидинді және т.б./ енуіне байланысты.
Алкалоидты реактивтер белоктармен ерімейтін қосылыстар түзеді. Органикалық қышқылмен /мысалы сірке/ аздап қышқылдандыру реакцияның жақсы жүруіне көмектессе, ал күшті минералды қышқылдарды қосу, керісінше бұл процесті баяулатады. Түзілген тұнба сілтілік ортада ериді.
Белоктар қышқылдық ортада сары қан тұзының ерітіндісінің K4Fe9(CN)6, пикрин қышқылының C6H2(NO2)OH және танин әсерінен тұнбаға түседі /бұл қосылыстар алколоидтарға реактивтер болады/. Белоктар, гистондар, протаминдер, яғни негіздік белоктар жоғарыдағы реактивтермен бейтарап ортаға тұнбаға түседі.
Жұмыс барысы: Үш пробиркаға бір-бір мл белок ерітіндісін құйып, әрқайсысына 1-2 тамшы концентрлі сірке қышқылын қосамыз. Онан соң 1-ші пробиркаға бірнеше тамшы 5%-тік сары қан тұзының, 2-шіге қаныққан пикрин қышқылының, 3-шіге таниннің ерітіндісі қосылады /судағы қаныққан танин ерітіндісі/. Тұнбаның түзілгенін байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет