Анилин реакциясы. Жұмыс барысы: 2-3 мл арабиноза ерітіндісіне сондай мөлшерде концентрлі HCl қосып қыздырамыз. Қыздырудан бұрын фильтр қағазының кесінділерін анилин ерітіндісіне батырып алып, пробирканың қабырғасына қыстырып қоямыз. Сол кезде ол малина түске боялады.
Кетогексозаға реакция. Селиванов реакциясы.Әдетте бұл реакция кетозаларды анықтау үшін қолданылады. Әсіресе фруктозаны және гидролиздегенде фруктоза беретін күрделі қанттармен /сахароза/ жұмыс істегенде жақсы шығады.
Бұл реакция оксиметилфурфурол түзілуге негізделген, ол резорцинмен әрекеттескенде қызыл түске боялады.
Анықтау жолы:Пробиркадағы 1 мл фруктоза ерітіндісіне 1 мл меншікті салмағы 1,19 тұз қышқылын қосып, оның үстіне бірнеше түйір резорцин салады. Пробиркадағы сұйықтықты қайнап тұрған су ваннасында 1-2 минут қыздырса, қоспа қызыл түске боялады.
Селиванов реакциясы үшін Толленс реактивін пайдаланған ыңғайлы.
2 мл фруктоза не сахароза ерітіндісіне бірнеше /5-7/ тамшы Толленс реактивін қосады. Сосын оны жайлап су жылытқышында қыздырғанда қызыл түске боялғанын көруге болады.
№ 7 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Дисахаридтердің және полисахаридтердің физика-химиялық қасиеті Мақсаты: тірі организмдерде жүретін маңызды органикалық қосылыстар көмірсуларға сипаттама беру, дисахаридтер мен полисахаридтердің классификациясы және олардың негізгі қосылыстарын қарастыру.
Тапсырма: 1. Сахароза, мальтоза, лактозаның тотығу-тотықсыздану реакциялары
2. Сахарозаға түсті реакция
3. Крахмалдың коллоидтық қасиетіне реакциялар
4. Крахмал мен гликогенге түсті реакция
5. Агар-агарға реакция
Қажетті құрал-жабдықтар:3 мл дисахаридтер ерітіндісі, Фелинг сұйықтығы, 2-3 мл сахароза ерітіндісі, 0,5 мл 2 % COSO4, 2 мл 10 % NaOH. 3 мл 1 % крахмал ерітіндісі, (NH4)2SO4 кристалдары. 6 мл этил спирті, 6 мл эфир. 2-3 мл 1 % крахмал не гликоген ерітіндісі, 1-2 тамшы Люголь реактивін (I2- KI). Агар-агар түйірі, 4-5 мл су, Фелинг сұйықтығы, 0,5-1 мл концентрлі HCl. Штативтер пробирклар, пипеткалар, күкірт, электороплитка, пробирканы ұстағыш.