Тақырыбы: Моносахаридтердің физика-химиялық қасиеті Мақсаты: тірі организмдерде жүретін маңызды органикалық қосылыстар көмірсуларға сипаттама беру, моносахаридтердің классификациясы және олардың негізгі қосылыстарын қарастыру.
Тапсырма:1. Троммер реакциясы
Фелинг реакциясы
Қажетті құрал-жабдықтар: 2-3 мл.моносахарид ерітіндісі /глюкоза, арабиноза/, 1 мл 10 % NaOH, 0,5 мл 1 % CuSO4.1-2 мл глюкоза ерітіндісіне 2-3 мл Фелинг сұйықтығы, сегнет тұзы. Штативтер пробирклар, пипеткалар, күкірт, электороплитка, пробирканы ұстағыш.
1. Троммер реакциясы.Моносахаридтер мен мыс гидроксиді әрекеттескенде төмендегідей реакция жүреді.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 2-3 мл кез келген моносахарид ерітіндісін құйып /глюкоза, арабиноза/, оған 1 мл 10 % NaOH пен 0,5 мл 1 % CuSO4 қосып қыздырамыз. Қоспаның қызыл-сары, одан кейін қызғылт түске боялатынын байқаймыз.
2. Фелинг реакциясы.Бұл реакция Троммер реакциясына ұқсас. Мұнда сегнет тұзы алынады. CuSO4 тұзының судағы ерітіндісі. Осы екі ерітіндіден жұмыс жүргізер алдында 1-2 сағат бұрын Фелинг сұйықтығын дайындайды. Екеуін бірдей мөлшерде алады.
Жұмыс барысы:1-2 мл глюкоза ерітіндісіне 2-3 мл Фелинг сұйықтығын қосып, түсі қызыл-сары болғанша қыздырамыз. Троммер реакциясынан Фелинг реакциясының айырмашылығы сегнет тұзын қосуда. Оның себебі Cu(OH)2 артық мөлшерін сегнет тұзы өзіне қосып алады. Ал сегнет тұзының қоспасы қара түсті мыс оксидін береді.
№ 6 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Моносахаридтерге түсті реакциялар Мақсаты: тірі организмдерде жүретін маңызды органикалық қосылыстар көмірсуларға сипаттама беру, моносахаридтердің классификациясы және олардың негізгі қосылыстарын қарастыру.
Тапсырма: 1. Анилин реакциясы
2. Кетогексозаға реакция
Қажетті құрал-жабдықтар: 2 мл фруктоза ерітіндісі, концентрлі HCl. Резорцин кристалдары, тартпа шкафта. Толленс реактиві. 2-3 мл арабиноза ерітіндісі, концентрлі HCl, фильтр қағазы, анилин ерітіндісі, 1 мл фруктоза ерітіндісіне 1 мл меншікті салмағы 1,19 тұз қышқылы, түйір резорцин, су ваннасы. Штативтер пробирклар, пипеткалар, күкірт, электороплитка, пробирканы ұстағыш.
Фруктоза, катогексозалар үшін Селиванов реакциясын жүргізеді. Фруктоза күшті минералды қышқылдардың әсерінен үш молекула суын жоғалтып, оксиметилфурфуролға айналады. Ол фенолды қосылыстармен, мысалы резорцинмен – C6H4(OH)2 әрекеттескенде қоңыр-қызыл түсті өнім береді. Біраз тұнғаннан кейін, қоспа қоңыр түске айналады.
Жұмыс барысы:2 мл фруктоза ерітіндісіне сондай мөлшерде концентрлі HCl қосып қыздырады. Қыздырар алдында аздап резорцин кристалдарын салып, тартпа шкафта жүргізеді. Қыздыру барысында қызыл-қоңыр түс пайда болады. Селиванов реакциясы үшін Толленс реактивін қосып пайдаланған дұрыс. Ол үшін 2 мл фруктозаға 2 мл Толленс реактивін қосып, су ваннасында қызыл-қоңыр түс пайда болғанша жайлап қыздырады.