Сабақ Тақырыбы: Бұл кім? Мектебі: №104 негізгі орта мектебі



бет118/210
Дата25.04.2022
өлшемі239,79 Kb.
#32229
түріСабақ
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   210
Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Аудиодиск
Оқулық

А4 форматты ақ қағаздар

Қарындаштар

Карточкалар


№2 жұмыс дәптері



Сабақтың ортасы

(6-40минут)

*МК-Мұғалімнің көрсетуі

*Ұ- ұжымдық жұмыс

*Т-топтық жұмыс

*ОТ- оқушының тәжірбиесі

*Ө- өзіндік жұмыс

*Қ-қалыптастырушы бағалау

* Ж- жұптық жұмыс




1-тапсырма (МК, Ұ)Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы берілген суретке аударады.Сурет бойынша мұғалім балалардың мектепке кіммен баратынын түсіндіреді.Оқушылар ата,әже,ана деген сөздерді қайталайды,балалардың қайда баратынын айта алуға жаттығады.

(Ж)


2-тапсырма (МК, Ұ)арқылы қайда?сұрағы қайталанады. «Сен қайда барасың?» деген сұраққа оқушылар кесте бойынша жауап береді (Мен мектепке (тауға,дүкенге,саябаққа) барамын). Мұғалім суреттер бойынша оқушылардың есіне мектеп,тау,саябақ,дүкен сөздерін түсіреді.Сондай-ақ екінші кесте бойынша мұғалім кіммен? Деген сұрақты түсіндіреді.Бұл сұраққа да кесте бойынша жаууап беру үлгілерін көрсетеді.Мысалы;Мен анаммен (әкеммен,атаммен,әжеммен) барамын. Осы тапсырма арқылы оқушылар қайда баратынын және кіммен баратынын айта алуға жаттығады.

(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Бірінші оқушы сұрақ қояды,екінші бала жауап береді. Мысалы:

-Сен қайда барасың?

-Мен мектепке барамын.

-Сен кіммен барасың?

-Мен анаммен барамын.

«Еске сақта!» айдары бойынша мұғалім барамын етістігінің болымсыз түрін (бармаймын) түсіндіреді. Оны еркін қолдануға жаттықтырады.

(МК, Ұ)4-тапсырмада оқушылар барамын,бармаймын етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айту арқылы қайталайды. Сөйлемнің қасына қойылған белгі бойынша оқушылар барамын,бармаймын сөздерін қолданады. Осы тапсырмада берілген «Сен қайда барасың? Сен кіммен барасың?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы бару етістігін 1 жақта қолдануды бекіте түседі.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай –ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет