Берілген сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар өздерінің киімдері туралы (түсі) сөйлеседі. Сондай-ақ түстерді қайталайды, олардың киім атауларымен байланыстыра қолдануға және тәуелдік жалғауын дұрыс қолдана білуге жаттығады.
(Ж) 4-тапсырма оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша не киетіндерін және оның түсі қандай екені туралы сөйлеседі. Үлгі:
-Сәлем!
-Сәлем!
-Сен не киесің?
-Мен көйлек киемін. Менің көйлегім қызыл. Сен не киесің?.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай –ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.