Сабақ тақырыбы Ежелгі өнер



Дата06.01.2022
өлшемі27,49 Kb.
#12651
түріСабақ
Байланысты:
Көркем еңбек 3 сынып 5 бөлім Өнер Ежелгі өнер ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5 Бөлім: Өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Ежелгі өнер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.1 Отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармаларын білу және олардың ерекшеліктерін (жанры, орындау техникасы, көңіл-күйі) түсіндіру

Сабақ мақсаттары

  • Ежелгі өнер түрлерімен, ерекшеліктерімен танысу, оларды сипаттау;

  • Ежелгі өнер бұйымдарын әртүрлі материалдарды қолдана отырып бейнелеу;

Жетістік критерийлері

  • Ежелгі өнер түрлерін біледі, оларға тәң ерекшеліктерді сипаттайды;

  • Өздеріне тән ерекшеліктерін көрсете отыра ежелгі өнер бұйымдарын бейнелейді;

Тілдік мақсаттар


Ежелгі өнер бұйымдарына тән ерекшеліктерді сипаттайды.
Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

  • Олар өнектерді неге осылай бейнелеген?

  • Бұл бұйымдар қандай материалдардан жасалған?

  • Ежелгі бұйымдар қандай материалдардан жасалған?

  • Ежелгі суретшілер өнердің қандай суреттеу құралдарын қолданған?

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім


Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет





Сабақтың басы


Сыныпқа арналған сұрақ:

  • Ежелгі әлем өнері туралы не білесіндер?

Оқушылардың қаралатың тақырып аясындағы білімін тексеріп алыныз.
Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.





Сабақтың ортасы



Әнгімелесу. Сұрақтар:

Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз. Әр топқа әр түрлі материалдардан жасалған және ою-өрнектермен безендірілген ежелгі ыдыс-аяқтардың (мысалы, ежелгі грек құмыралары) суреттерін қарап шығуларын ұсыныңыз.

Оқушыларға (топтарға) қарастырған материалдарына қатысты сұрақтарға жауап беріп, белгілі бір ыдыс –аяқ түріне сипаттама берулерін сұраңыз.

1. Көрсетілген суреттерде не көріп тұрсыз?

2. Ертеде ыдыс-аяқтарды қандай материалдардан жасаған?

3. Ол қалай безендірілген?

4. Бұл бейнелер үшін ежелгі суретшілер қандай түстер мен пішіндерді қолданған?

Оқушыларға қандай бейнелердің, қандай пішіндеодің ұнайтынын бірлескен әңгімеде анықтаңыз. Олардың ыдыс-аяқ формаларын дұрыс сипаттадыма, олардын құрылымын дұрыс анықтады ма, соған назар аударыңыз.


Тәжірибелік жұмыс

Оқушыларға өздеріне ұнаған ыдыс-аяқтын (мысалы, ежелгі грек құмыралары) пішінің жасайды және оны көркем материалдармен безендіреді.

Оқушыларға ыдыс – аяқтын пішінің жасаудын қарапайым тәсілін, симетриялық қию әдісін көрсетіңіз (таныстырылымдағы №12 слайд).
Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз.

1. Оқушылар өздеріне ұнаған ыдыс-аяқтың пішінің қиып шығады. Олар симетриялық қию әдісін қолданып қыш құмыралардың әртүрлі пішіндерін жасайды. Жұмысты А4 форматында орындайды.


2. Дайын пішінді көркем құралдармен безендіреді. Оқушылар жұмыстарын безендірген кезде ежелгі қыш құмыраларда қолданылған өрнектерді негізге алады.
Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.
Оқушылар шағын көрме ұымдастырып, жасалған барлық жұмыстарды (қыш құмыра пішіндерін) қарастырып, өз пікірлерін айтады, бір – бірінің жұмыстарына баға береді.




Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды



Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?



- немен жұмысты жалғастыру қажет?





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет