Әнгімелесу. Сұрақтар:
Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз. Әр топқа әр түрлі материалдардан жасалған және ою-өрнектермен безендірілген ежелгі ыдыс-аяқтардың (мысалы, ежелгі грек құмыралары) суреттерін қарап шығуларын ұсыныңыз.
Оқушыларға (топтарға) қарастырған материалдарына қатысты сұрақтарға жауап беріп, белгілі бір ыдыс –аяқ түріне сипаттама берулерін сұраңыз.
1. Көрсетілген суреттерде не көріп тұрсыз?
2. Ертеде ыдыс-аяқтарды қандай материалдардан жасаған?
3. Ол қалай безендірілген?
4. Бұл бейнелер үшін ежелгі суретшілер қандай түстер мен пішіндерді қолданған?
Оқушыларға қандай бейнелердің, қандай пішіндеодің ұнайтынын бірлескен әңгімеде анықтаңыз. Олардың ыдыс-аяқ формаларын дұрыс сипаттадыма, олардын құрылымын дұрыс анықтады ма, соған назар аударыңыз.
Тәжірибелік жұмыс
Оқушыларға өздеріне ұнаған ыдыс-аяқтын (мысалы, ежелгі грек құмыралары) пішінің жасайды және оны көркем материалдармен безендіреді.
Оқушыларға ыдыс – аяқтын пішінің жасаудын қарапайым тәсілін, симетриялық қию әдісін көрсетіңіз (таныстырылымдағы №12 слайд).
Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз.
1. Оқушылар өздеріне ұнаған ыдыс-аяқтың пішінің қиып шығады. Олар симетриялық қию әдісін қолданып қыш құмыралардың әртүрлі пішіндерін жасайды. Жұмысты А4 форматында орындайды.
2. Дайын пішінді көркем құралдармен безендіреді. Оқушылар жұмыстарын безендірген кезде ежелгі қыш құмыраларда қолданылған өрнектерді негізге алады.
Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.
Оқушылар шағын көрме ұымдастырып, жасалған барлық жұмыстарды (қыш құмыра пішіндерін) қарастырып, өз пікірлерін айтады, бір – бірінің жұмыстарына баға береді.
|