Мектеп: 24 лицей Мұғалімнің аты:Мухаметова.Н Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :
СЫНЫП:
6 сынып
Сабақ тақырыбы:
Экожүйе
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары
экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау
экожүйе түрлерін жіктеу
Оқу мақсаты:
Экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау.
Сабақ түрі:
Жаңа білімді игеру.
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар үйренеді: экожүйелердің құрамдас бөліктерін біледі;
Көптеген оқушылар үйренеді: экожүйенің құрамдас бөліктерін түрлерін сипаттай 6алады;
Кейбір оқушылар үйренеді: қосымша ақпаратты қолдану арқылы экожүйенің құрамдас бөліктерінің тірі ағзаларға әсерін талдай алады.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Экожүйе дегеніміз ...
Экожүйенің құрамдас бөліктері .......................... және ..............................
Биоценоздың биотоптан ерекшелігі ...
Антропогендік факторлар - ............ , оларға келесі факторларды жатқызуға болады ...
Құндылықтарды дарыту
Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру.
Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы.
АҚТ қолдану дағдылары:
Электронды ақпарат көздерін қолдану арқылы оқыту процессін визуализациялау.
Бастапқы білім:
Оқушылар 3-4 сыныптан тірі ағзалардың тіршілік орталарын, мекен ету орталарын біледі, анықтама бере алады.
Оқушылармен амандасу;
Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Қол шапалақтау» әдісін пайдалану. Оқушылардың біреуі қол шапалақтауды бастап, бір-бір оқушыдан барлық сынып оған қосылады.
Сабақ тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
Сабақ ортасы
6-11
12-17
18-21
22-30
31-34
Білім актуализациясы. Оқушылар «Экожүйе дегеніміз не» бейнематериалын қарайды. Бейнематериалдағы ақпаратты талқыға салу. Сұрақтар:
Экожүйе дегеніміз не?
Экожүйені қандай компоненттер құрайды?
Экожүйелердің мысалдарын келтіріңіз.
Биом дегеніміз не?
Экожүйе дамуы үшін қандай жағдай қажет?
(Ж) Оқушылар ақпараттық парақпен танысып, «Инсерт» әдісі арқылы белгілеп отырып, оқиды.
Дескрипторлар: Тақырып бойынша ақпаратты оқиды.
«Инсерт» кестесіне экожүйе туралы білгендерін толтырады.
Ақпаратты оқып отырып, экожүйе туралы жаңа білімдерін 2-ші бағанға толтырып жазады.
Ақпартты оқып отырып, экожүйе туралы алғашқы білімдеріне қарсы болса, 3-ші бағанды толтырады.
Ақпаратты оқып отырып, түсініксіз тұстарын 4-ші бағанға толтырады.
Білдім
Мен үшін жаңа
Ойлағанымнан өзгеше
Сұрақ
Мұғаліммен оқыған мәтінді талдау. Терминдерді айтып, олардың мағынасын түсіндіру.