Сабақ тақырыбы: Ел басқару жүйесі. Президент. Үкімет. Сот. Г/т. Етістік категориясы Сабақтың мақсаты



бет2/4
Дата31.12.2021
өлшемі42,49 Kb.
#23377
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Студенттермен сәлемдесу.
2. Студенттердің сабаққа қатысын тексеру.
3. Студенттердің зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Лексикадан өткенді қайталау.
1-тапсырма:

Жағдаят: Дәрісханада отырып, өз жаңалықтарыңызбен бөлісіңіздер (1 мин.)

Мақсаты: оқыған, естіген жаңалықтарын бөлісуге баулу.

Бағалау критерийлері:

-Жаңалықтарды өз сөзімен жеткізе білуі;

-Бір-бірімен әңгімелесе алуы.

2- тапсырма: Мына сөз тіркестермен жай сөйлем құрастырыңыз.

 Төраға,  мемлекеттік,  ассамблея,  қызмет,  қауымдастық,  жоғары,  азамат құқықтары,  мәртебелі, ант беру, достық. 


3-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару.

Біздің ел Президенттік Республика, яғни басқару нысанына жатады. Басқару нысаны екіге бөлінеді: монархия және республика. Біздің елді бір адам басқарады. Ол –Президент. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы – Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады.

Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.
4-тапсырма. Cұрақтарға өз сөздеріңізбен жауап беріңіздер.


  1. Бүгін Қазақстан қандай ел? 

  2. Қандай ұйымдардың мүшесі болды? 

  3. Еліміз кіммен дипломатиялық қатынасты орнатты? 


5-тапсырма. Бос орындарға қажетті сөз тіркестерін қойып, сөйлемді  толықтырыңыз. Мәтіндегі негізгі ойды беріп тұрған сөздерді теріп  жазыңыз.  

 Қажетті сөз тіркестері: 


Қызметіне кіріседі, қатаң сақтауға, кепілдік беруге, адал қызмет етуге, 
адал атқаруа, ант етемін. 
Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына..., Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясы 
мен 
заңдарын..., 
азаматтардың 
құқықтары 
мен 
бостандықтарына..., 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің  өзіме  жүктелген  мәртебелі  міндетін  салтанатты  түрде...»,- 
деп халыққа ант берген сәттен бастап.... 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет