Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Студенттермен сәлемдесу.
2. Студенттердің сабаққа қатысын тексеру.
3. Студенттердің зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Лексикадан өткенді қайталау.
1-тапсырма:
Жағдаят: Дәрісханада отырып, өз жаңалықтарыңызбен бөлісіңіздер (1 мин.)
Мақсаты: оқыған, естіген жаңалықтарын бөлісуге баулу.
Бағалау критерийлері:
-Жаңалықтарды өз сөзімен жеткізе білуі;
-Бір-бірімен әңгімелесе алуы.
2- тапсырма: Мына сөз тіркестермен жай сөйлем құрастырыңыз.
Төраға, мемлекеттік, ассамблея, қызмет, қауымдастық, жоғары, азамат құқықтары, мәртебелі, ант беру, достық.
3-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару.
Біздің ел Президенттік Республика, яғни басқару нысанына жатады. Басқару нысаны екіге бөлінеді: монархия және республика. Біздің елді бір адам басқарады. Ол –Президент. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы – Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады.
Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.
4-тапсырма. Cұрақтарға өз сөздеріңізбен жауап беріңіздер.
Бүгін Қазақстан қандай ел?
Қандай ұйымдардың мүшесі болды?
Еліміз кіммен дипломатиялық қатынасты орнатты?
5-тапсырма. Бос орындарға қажетті сөз тіркестерін қойып, сөйлемді толықтырыңыз. Мәтіндегі негізгі ойды беріп тұрған сөздерді теріп жазыңыз.
Қажетті сөз тіркестері:
Қызметіне кіріседі, қатаң сақтауға, кепілдік беруге, адал қызмет етуге,
адал атқаруа, ант етемін.
Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына..., Қазақстан
Республикасының
Конституциясы
мен
заңдарын...,
азаматтардың
құқықтары
мен
бостандықтарына...,
Қазақстан
Республикасы
Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін салтанатты түрде...»,-
деп халыққа ант берген сәттен бастап....
Достарыңызбен бөлісу: |