8. Көмірсулар алмасуының бұзылыстары Көмірсулар алмасуының бірқатар ферменттерінің ақауы әртүрлі аурулардың дамуымен бірге жүреді. Төмендегі ферменттердің ақаулары болған кезде пайда болатын көмірсулар алмасуындағы аурулар мен бұзылыстарды көрсетіңіз:
A. Лактаза
Б. Галактоза-1-фосфатуридилилтрансфераза
В. Фруктоза-1-фосфат альдолаза
A. Ауру - лактозаға төзбеушілік. Белгілері: метеоризм, іштің ауыруы, сүт ішкеннен кейін диарея. Емі: диетадан сүтті жою.
Б. Ауру - галактоземия. : Белгілері: гипогликемия, миға глюкоза баруының шектелуі, тамақтанудан бас тарту, диарея, өсудің тежелуі, катаракта, бауырдың ұлғаюы, деменция. Емі: диетадағы галактозаны жою.
В. Ауру - фруктозурия. Белгілері: гипогликемия (гликогеннің ыдырауы бұзылған), құсу, фруктозаны жегеннен кейін құрысулар. Емі: диетадағы фруктозаны жою.
Тест тапсырмалары:
Сіздің назарыңызға бір немесе бірнеше дұрыс жауаптар болуы мүмкін тапсырмалар ұсынылады. 1. Гидролазалар: 1. субстраттарды гидрогенизациялау реакцияларын жеделдетеді;
2. альдегидтердің спиртке айналуын катализдейді;
3. субстрат молекуласы ішінде гидроксотоптардың тасымалдану реакцияларын жеделдетеді;
4. субстраттардың гидролитикалық жолмен ыдырауын катализдейді.
5. субстраттан судың бөлінуін катализдеейді;
2. Гидролазалардың топтары; 1. гликозидазалар
2. пептидазалар
3. эстеразалар
4. аминотрансферазалар
5.дегидрогеназалар
3. Трансферазалар катализдейді және олардың құрамында болуы мүмкін: 1. субстрат молекуласының ішіндегі топтардың ауысуын; В2 дәрумені;
2. топтардың бір молекуладан екінші молекулаға ауысуын; В6 дәрумені;
3. фосфор қышқылының қалдықтарын АТФ-дан глюкозаға көшіру;
4. төмен молекулалық қосылыстардың субстратынан бөлінуін; В1 дәрумені;
5. субстратқа төмен молекулалық қосылыстарды қосуды; Н дәрумені.
4. Трансферазаларға жатады: 1. уреаза;
2. пероксидаза;
3 каталаза;
4. гексокиназа;
5. амилаза.