Сабақ Тақырыбы: Ферменттер клиникалық энзимологияның негізі



бет3/7
Дата25.11.2023
өлшемі40,25 Kb.
#126120
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Занятие 2

6.Сабақты өткізу форматы:

  1. Бағдарламалық бақылаудың билеттері бойынша жазбаша бақылау 2 сұрақты қамтиды (сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар бойынша)

  2. Ауызша талдау тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша жүргізіледі.

7.Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері – білім (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 80%).
Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: zoom.us (Webex) немесе Google Meet және Moodle dis.kaznmu, Microsoft Teams платформаларында ауызша және жазбаша сұрау (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 80%).
8.БОӨЖ тапсырмалары: жаттығуларды орындау, ситуациялық есептер мен тесттерді шешу.
Жаттығулар:

  1. Мына реакцияны қандай фермент тездетеді? Қай класқа жатады?

АТФ+ глюкоза АДФ + глюкозомонофосфат

  1. COOH- (CH2)2- CHNH2COOH COOH- (CH2)2- CHNH2+ СО2

Ферменттің құрылысы қандай? Реакция қалай аталады?

  1. ПЖҚ-ң тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Реакцияға қатысатын негізгі ферменттерді атаңыз.

  2. В6 витамині қандай ферменттің құрамына кіреді? Осы ферменттердің қатысуымен өтетін реакцияларды жазыңыз.

Жағдайлық есептер
1. Науқастың қаны мен зәрінде амилазаның белсенділігі өте жоғары. Дәрігер қандай органдардың зақымдануы мүмкін деп болжайды?
2.Науқастың қанында альдолазаның белсенділігі өте жоғары. Дәрігер қай тіннің зақымдануы мүмкін деп болжайды?
3.Науқастың қанында сілтілі фосфатазаның белсенділігі өте жоғары. Дәрігер қай органдар мен тіндердің зақымдануы мүмкін деп болжайды?
4.Науқастың қанында қышқылды фосфатазаның белсенділігі өте жоғары. Дәрігер қай органдардың зақымдануы мүмкін деп болжайды?
5. ПЖҚ-ң декарбоксилденуі кезінде бір жағдайда сірке альдегиді, ал екінші жағдайда – ацетил-КоА түзіледі. Декарбоксилдену реакцияларының айырмашылығы неде?
6. Кейбір аминқышқылдары биологиялық белсенді қосылыстар түзе алады.
A. Мына аминқышқылдарынан түзілетін биогенді аминдерді атаңыз:
1) серин
2) тирозин
3) глутамат
4) гистидин
B. Әрбір биогенді аминдердің биологиялық маңызын сипаттаңыз.
C. Осы реакцияларға қатысатын ферменттер мен коферменттерді көрсетіңіз. Коферменттің құрылысын, оның биологиялық рөлін сипаттаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет