Сабақ тақырыбы: Философия тарихындағы адам мәселесі. Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар


Ежелгі Шығыс елдеріндегі діни - философиялық ілімдердегі адам мәселесі



бет2/7
Дата15.02.2022
өлшемі51,65 Kb.
#25586
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мураткызы Алима

2.Ежелгі Шығыс елдеріндегі діни - философиялық ілімдердегі адам мәселесі.

Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.

Ертедегі Қытайдың философиялық ойлаудың бастапқы негізі Дао термині түсіндіру төңірегінде болды. Бұл терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез келген болмыстың заңнын, ұйымдастыру сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың табиғи жолмен бірге, аспандағы «табиғаттан тыс» күштің әмірін, ғарыштың үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайындағы ілім алғашында бес элементпен тығыз байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол жайындағы түсініктер догматтық сипатқа ие болды.

Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі, негізі. Осыдан кейін «дао – аспан мен жердің түп тамыры», «барлық заттардың анасы» деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін екі бастаманың: қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің, жұбайлардың (инь мен ян) әрекеттесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтарға бөлінуінің, олардың бірігуі мен терістеуінің шиелініскен түрін құрады.

Ертедегі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты туралы мәселе – адам табиғаты жағынан қандай – қайырымды ма әлде мейірімсіз бе? – деген мәселе аса маңызды орын алды. Олар қоғамдық тәрбие мен жеке тәрбие мәселелеріне де үлкен көңіл бөлді.

Қытай ойшылдарының алдында философияның негізгі мәселелері мен даму мәселелері кең көлемде және айқын формада қойылмады. Дегенмен, Конфуцийді, Лао- Цзыны идеалистер қатарына, ал Сюнь- Цзы, Хан Фэй, Ван-Чундыт.б. материализмге бейімдер қатарына жатқызуға болады. Лао-Цзы мен Хан Фейдің көзқарастарынан диалектиканың кейбір элементтері байқалады.

Антик заманының философиясы

Антик заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келді.

Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала – Милетте туды. Б.э. дейінгі VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің «алғашқы мәні», «бастамасы» деп қарастыру, қазіргі біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда, тұрпайы, аса қарапайым болғанымен, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фалестің бұл ойын революциялық идея деуге болады, өйткені «бәрі пайда болады» деген пікір бұған дейін үстем болып келген «олимпиялық құдайларды жоққа шығару», яғни, сайып келгенде, мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету, сүйтіп дүниені табиғи тұрғыдан түсіндіру болып табылады.

Фалестің шәкірті Анаксимандр (б.э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін «Табиғат туралы» шығармасында баяндап берді. Фалес сияқты, Анаксимандр да философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешт, дүниенің алғашқы негіз бастамасы «апейрон» деген айқынсыз, бейнесіз бір зат (апейрон – шексіз деген ұғымды білдіреді) деп санады. Бұл пікір материаны қазіргіше түсінуге жақын.

Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б.э. д. 585-525 жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы бір тұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, өзінен бұрынғылардың материалистік көзқарасын ілгері дамытты. Дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауа тән қасиет – сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық заттар пайда болды. Ауа, Анаксименнің түсінігінше, сондай-ақ тіршілік пен психикалық құбылыстардың да көзі, бастамасы болып табылады.

Милет қаласы (б.э.д. V ғ.басынада) саяси дербестіктен айырылуға байланысты ондағы философия құлдырап, оның дамуы тоқтады. Бірақ Милет материалистердің ілімі Грецияның басқа қалаларындағы философтарға зор әсерін тигізіп, өз ізбасарларын тапты. Солардың бірі Эфес қаласынан шыққан Гераклит (б.э.д. 530-470жж. шамасы) болды.

Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және ақыр соңында отқа айналады.Жан да оттан пайда болады. Жан материалдық, ол ең ылғалы аз, құрғақ от. Дүниені «Логос» басқарады. Біртұтас дүниені, деді ол, ешбір құдай, не ешбірадам жаратқан жоқ,ол бірде жанатын,енді бірде өшіп тұратын, бұрын болған, қазір бар және келешекте бола беретін тірі мәңгі от болып табылады. Гераклит сонымен қатар дүниенің үздіксіз өзгерісте,қозғалыста болатындығын, қозғалыстың қайнар көзі қайшылықта екендігін, қарама-қарсылықтардың өзара бір –біріне өтетіндігін және басқа бірқатар диалектикалық ой-пікірлерді атап көрсетті:»бәрі де қозғалыста, бәрі өткінші»… т.б. деді ол. Қозғалмайтын ешнәрсе жоқ: жылы суиды,ал суық жылиды, ылғалды нәрсе құрғацды, құрғақ ылғалданады. Туу мен жойылу,өмір мен өлім,болмыс пен болмау- міне , бұлар өзара байлнысты,бір – бәріне тәуелді және бір – біріне өтіп отырады. Мұның бәрі диалектикалық ойдың даму тарихына қосылған зор үлес екенінде дау жок.

Ертедегі Грецияда сонымен қатар айтарлықтай дамыған идеалистік бағыт та болды. Идеализмнің еңалғашқы негізін салған Пифагор(б.э.д 580 – 500 ж.ж шамасы) болды. Оның пікірінше, барлық заттардың мәні – олардың санында, сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді. Пифагор өз ілімін негіздеу үшін Милет мектебінің материалистік көзқарасын сынға алды.

Демек, ертедегі ойшылдардың философиялдық көзқарасында – ақ тек материализм мен диалектиканың ғана емес, сондай – ақ идеализм мен матефизиканың да алғашқы бастамалары, материя мен ойлау дүниелерін қарама – қарсы қою орын алғанын көреміз.

Ертедегі Грецияда материализмнің одан әрі дамуы Демокриттің (б.э.д Y ғ.)есімімен, ол тұжырымдаған материяның атомдық теориясымен тығыз байланысты. Бұл теория бойынша барлық дүниедегінің негізі – сансыз көп атомдарды. Атомистер дүниені әрі қарай бөлінбейтін бөлшектер – көзге көрінбейтін аса ұсақ атомдардың тұратын біртұтас дүние деп түсіндірді. Ол атомдар бос кеңістікте қозғалады («жан – жаққа сенделуде, ұшуда», «түрлі бағытта қозғалыста» болады). Атом мен бос кеңістік – бірден – бір шындық. Кеңістікте қозғалушы атомдар өзара қосыла отырып, түрліше заттарды, денелерді түзеді.

Ежелгі Шығыс және Антикалық философия Ежелгі Шығыс және Антикалық философия

Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.

1. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі байланысы.

2. адамгершілік адамдар арасындағы қарым – қатынас.

Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі – материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол — өз алдына жеке проблема.

Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д 7 – 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 – кастаға бөлінді.

1. Әскери (кшатрий)

2. Абыздар. (брахмандар)

3. Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер)

4. Төменгі каста (шудралар)

Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.

Джайнизм – этикалық ілім. Оның негізгі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң.

Буддизм – біздің заманымызға дейінгі 4 – 5 ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда(б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:

1.Өмір азапқа толы;

2.Ол азаптардың себебі бар ;

3.Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;

4.Азаптан құтылудың кезі бар.

Ежелгі Қытай философиясы біздің заманымыздан бұрын пайда болды, ол идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерваторлық және прогресшілдік, бірі – мистикалы, екіншісі – атеистік бағыттар. Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам – Конфуций (б.з.д. 551-479ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір – тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:

1. Бос қиялға салынбау.

2. «Мен білемін» дегендіктен аулақ болу.

3. Қасарыстық көрсетпеу

4. Өзінің жеке басы жайлы ойламау.

Ол бірнеше кітаптар құрастырды («Өлендер кітабы», «Көктем және күз» жылнамасы, « Сұқбат және пікір айту», т.б.). Конфуцийдің « Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған.

Мақсат – императордың билігін заңдастыру еді. Оның ұстаған жолы:

1. әділеттік

2. табиғатты сүю

3. әдет – ғұрыпты сақтап, сыйлау

Мо – Цзы (б.з.б. 479-400ж) философиясы пайда болды. Ол күні бұрын белгіленетін өмір жоқ, әрбір адам тағдыры оның іс — әрекетінен, «жаппай сүйіспеншілігінен» туындайды, деді. Біздің барлық біліміміз екі нәрсеге – сезімге (у – лу) және ойлауға (син) байланысты дейді.

Идеализм мен мистикағарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Дао – Цзы (4 – 5ғ.) ілімі дүниеге келді. Дао – мәнінде, мәнсіз, түссіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын – Көк Аспан емес, Дао. «Дао – заттардың табиғи өну, өсу, өшу, ол цзы субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, — деді – Бүкіл әлем сол заңға бағынады”. Лао – Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы қажет.

Лао Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол керітартпа рөл атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан, ілгері ж.руді жақтайды, дамуды қолдайды

Сөйтіп, Шығыс философиясы жағында қорытып айтқанда мына мәселелерге тоқталған жөн: алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао, данышпан бастаушысы Лао – Цзы төңірегінде топталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет