Сабақ тақырыбы: Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері



бет1/4
Дата07.02.2023
өлшемі23,78 Kb.
#65733
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Саба та ырыбы Философияны п ні, ызметтері мен міндеттері


Исабай Ерсұлтан
1 практикалық сабақ тақырыбы: Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.
Философия ұғымы грек тілінен аударғанда даналыққа деген сүйіспеншілдікті білдіреді.Бұл сөзді ежелгі грек ғалымы Пифагор қолданысқа енгізген болатын, бірақ оның кең колданылуы б.д.д. V ғ. басталды. Бұл уақыттары Грекияның -жоғары дамыған мәдениеті бар, бай гүлденген аймақта, өздерін софистерміз (яғни даналармыз) деп айтатын адамдар болды. Олар тек ойлап, әңгімелесіп қана қойған жоқ, сонымен қатар даналыққа оқытты және оған деген сұраныстар да өте жеткілікті болды. Бірақ даналыққа оқытудьщ, кәсіпке оқытудан көрі көп ерекшелігі бар еді. Онда, адам бірдеңеге үйренді ме, әлде жоқ па, тексеруге болады. Ал, даналыққа оқытудың нәтижесін іспен көрсету қиын. Әрине оқыту үшін аз ақша алынбайтын. Осы жағдайда, табыс табу жолында адамдардың аңқаулығын пайдаланатын, өздерін даналармыз деп атайтын, алдамшылар да жеткілікті болды. Нәтижесінде ел кезуші софистер әзіл-мазақтың объектісіне айналды. Нағыз дана адамдар ақшамен оқытудан алшақ болды. Олар өздерін сыпайы түрде философпын деп атап, біз тек қана даналықты сүйеміз, деп айтатын.Осындай философтардың алғашқыларының бірі Сократбіз данамыз деп атайтындарды кекетіп: «Мен ештеңе білмейтіндігімді білемін» деп жиі қайталаған, Платонның айтуынша Сократ «философия» терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Олай болса, философия өзінің даналығына деген шүбәланушылықтан және оған сүйіспеншілікпен ұмтылудан басталады.Даналыққа деген сүйіспеншілік мағынасын Платонның диалогы «Пир» шығармасынан көруге болады, онда даналық — адамның жеке өзіндік физикалық бар болуынан көрі және жеке дара шектелген тұлғалығынан бас тарту арқылы жоғарылыққа бағытталған рухани ұмтылысы еді.
2. Философия және дүниетаным.
Философия дүниетанымның ерекше түрі ретінде жүйелі-рационалистік ядро болып табылады, онда әлемнің, табиғаттың және адамдардың өзара іс-қимылы рухани меңгеріледі, ұғымдар мен категориялардың логикалық жүйесінде ұғынылады. Жүйелілік философияның мазмұнын, ал ұтымдылық — оның нысаны мен мазмұнын анықтайды. Философия дүниетаным құрылымында ерекше орын алады: оны мифологиядан тікелей шығару немесе адамдардың практикалық қызметінің жалпылама тәжірибесі ретінде елестету мүмкін емес. Өз кезегінде, философия діннен ажыратылады, өйткені шындықты ұтымды, ақылға қонымды түсіндіруге ұмтылады.Философиялық дүниетаным ерекше, рефлексивті сипатқа ие, яғни ұғымның басты мәні адамның өзі болып табылатын білім. Дін және ғылым дүниетанымның оппозициялық формалары болып табылады: олар баламалы және өзара ымырасыз. Ал, дін мен ғылым арасындағы көпірге қызмет ете отырып, қиял мен фактілер арасындағы теориялық құрылым құру керек.Осылайша, философия дүниетанымның құрамдас бөлігі ретінде оның орталығы, оның тұтастығы мен толықтығын қамтамасыз ететін жүйе құраушы ядросы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет