Сабақ тақырыбы: Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері



бет2/4
Дата07.02.2023
өлшемі23,78 Kb.
#65733
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Саба та ырыбы Философияны п ні, ызметтері мен міндеттері

Дүниетаным дегеніміз – әлем және ондағы адамның орны туралы көзқарастар жиынтығы. Философия дүниетанымның әлеуметтік-тарихи түрі.Дүниетанымның тарихи үш түрі бар: мифологиялық, діни, философиялық.Дүниетанымның алғашқы тарихи түрі – мифологиядық, оның негізі миф (грекше mifos – аңыз-ертегі) – аңызға айналған құдайлар, батырлар туралы хикаялар. Әйгілі мифтер Грецияда туған (Аргонавтар, Олимп құдайлары Гераклдың 12 жорығы, Прометей туралы мифтер). Мифологиялық көзқарас дүниеге деген сезімдік көзқарас ол дүниетанымдық сұрақтарды құдайлар, рухтар жөне батырлармен байланыстыра суреттеуден байқалады және бақытты өмірге, аурудан,жоқшылықтан, сәтсіздіктерден қорғануға деген мақсаттармен тығыз байланысы.Діни дүниетаным – негізі – дін, мазмұны – тәңірге ессіз табыну, яғни санадан тыс күштермен белгілі қарым-қатынас орнататын әдеп-ғұрып жүйесі. Діннің 3 әлемдік түрі бар –буддизм (б. з. д. 6 ғ.), христиандық (1 ғ.), ислам (7 ғ.). Діни сенімнің түрлері: фетишизм (киелі деп танылатын затқа табыну), тотемизм (адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыру), анимизм (жан бар деп сену, әруаққа сыйыну), магия (сиқырлау, алдау, арбау).Философиялық дүниетаным – сенімге емес, ақыл мен ғылымға сүйеніп,табиғаттың, қоғамның, адам санасының және танымның дамуының жалпы заңдарын зерттейді, яғни ол әлеуметтік-теориялық білім және дүниеге көзқарас ретінде пайда болады.


3. Философияның негізгі бөлімдеріне қысқаша сипаттама.
Философияны қоғамдық сананың формасы ретінде қарастыру барысында философиялық білімнің бөлімдері анықтала бастады. Нақты ойды білдіретін бөлімдері: онтология-болмыс туралы ілім, гносеологиятаным туралы ілім, антропология-адам туралы ілім, логика- ойлау заңдылықтары мен ауқымы туралы ілім, этика- адамгершілік пен мораль туралы ілім, эстетика - сұлулық туралы ілім, философия тарихы - философияның тарихының пайда болуы мен дамуын зерттейтін ілім. Сондай-ақ, бүгінгі күнде философиялық білімнің мамандандырылған бөлімдері бар, солардан ғылым философиясы, дін философиясы, мәдениет философиясы және білім философиясы және т.б. пайда болды.
Материализм – материяның алғашқылығы туралы философиялық дүниеге көзқарас.
Идеализм – идеяның алғашқылығы туралы философиялық дүниеге көзқарас. -Объективті идеализм – адам санасынан тәуелсіз идея.
-Субъективті идеализм - адам санасымен байланысты идея. Монизм – дүниенің алғашқы бастамасы бір субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.
-Дуализм - дүниенің бастамасы екі субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.
-Плюрализм - дүниенің бастамасы бірнеше субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас. Философия дүниеге көзқарастың теориялық негізі болып табылады. Дүниеге көзқарастң түрлері мен әртүрлі класикалық формалары бар. Кең тарағаны - тарихи түрі. Оған келесі дүниеге көзқарастың түрлері жатады: мифологиялық, діни және философиялық. Негізгі мифологиялық дүниеге көзқарас қияли ойлар мен елестету болып табылады. Діни дүниеге көзқарастың негізі – сенім. Философиялық көзқарастың негізі –сана.Философия гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану, барлық ғылымдардың әдіснамасы. Методология (әдіснама) - таным мен олардың жиынтығы туралы әдістер ілімі. Әдіс - теориялық және практикалық іс әрекеттер принципінің жүйесі. Әрбір білім аумағының өзіндік зерттеу пәні , қолданатын ерекше әдісі болады. Философиялық әдістің ерекшеленетін қасиеті – әмбебаптылығында. Бұл әдістер ақиқатқа жол сілтей отырып, барлық жерде қолданылады. Диалектика осы әдістер қатарына жатады. Бұдан да басқа, жеке философиялық әдістер, сондай-ақ герменевтика, эклектика, софистика және т.б. бар. Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарамақайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп-салдар, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылатын философиялық әдіс. Диалектикаға қарама қарсы философиялық әдіс метафизика болып табылады. Герменевтика-(гр.т.анықтаймын) - мәтіннің мәнін, оның обьективтік жағы мен субьективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері. Эклектика-(гр. таңдаймын) - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайтын, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытынды алынады. Софистика - айтыс-тартыста жеңіске жету үшін ақты қара, қараны ақ жүгінетін әдіс. Философияның негізгі функциялары (functio-латын сөзі,орындалу жасалу,істейтін қызметі) Жоғарыда көрсетілгендей, философия - ғылым мен өнер салаларына ұқсас, сонымен қатар адамзаттың мәдениетінде ерекше орын алатын пән. Ол өзінің әртүрлі кырларымен қоғам мен адам өміріне жан-жақты әсерін тигізеді, бүгінгі рухани дағдарыстағы адамзатқа оның жаңа өмір бағытын іздеудегі талпыныстарьнда философияның орнын асыра бағалау қиын. Философия Дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл - осы пәннің ең негізгі функцияларының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет