Сабақ тақырыбы: Гендік мутациялардың пайда болуының және днқ репарациясының молекулалық-генетикалық механизмдері



Дата18.05.2023
өлшемі31 Kb.
#94481
түріСабақ
Байланысты:
13-тақырып Гендік мутациялар және ДНҚ репарациясы студентерге әдістемелік нұсқау


13-АПТА
КҮНІ 23.11 -27.11.2020ж..
Сабақ тақырыбы: Гендік мутациялардың пайда болуының және ДНҚ репарациясының молекулалық-генетикалық механизмдері
Құрметті студенттер! Сіз тақырыптар бойынша сұрақтарға дайындалуларыңыз керек (Силлабусты қараңыз), бейне материалды қарап-түсіну, тест сұрақтарына жауап беру, ситуациялық есептерпді шығару және OMIM мәліметтер базасымен жұмыс жасап (файлды тіркеу), БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын белгіленген тәртіпте орындауыңыз қажет. Белгіленген уақыттан кеш тапсырылған тапсырмалар қабылданбайды және осы тапсырмалар үшін сіз «0» балл аласыз.


1. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар:
Сабақ аяқталған соң студенттер: гендік мутацияларды жіктеуй алуға, гендік мутациялардың себептері мен механизмдерін түсіндіре алуға, адамның гендік ауруларының дамуында гендік мутациялардың рөлін түсуге, OMIM (Online Mendelian Inheritance in Man) мәліметтер базасымен жұмыс істеуге және ДНҚ молекуласындағы зақымдалу түрлерін танып, ажырата алуға, түрлі репарация типтірінің себептері мен механизмдерін түсіндіре алуға, адамның тұқым қуалайтын ауруларында ДНҚ репарациясының рөлін түсінуге қабілетті болады.


Әдебиеттер
Міндетті:
Е.Ө.Қуандықов, Л.Е.Аманжолова Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2007. б. 143-163.
Медициналық биология және генетика. проф. Е.У. Куандыкова редакциясымен Алматы, 2004. б.119-123.


Қосымша:
1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. С. 219-267.
2. Биология. В.Н.Ярыгин. Москва, 2007.
3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003.С. 404-427.
4. Клетканың молекулалық биологиясы. Б. Альбертс 6-басылым 2017.


Сабаққа дайындалуға арналған негізгі сұрақтар:
1) Гендік мутациялар, себептері, жіктелуі.
2) Гендік мутациялардың пайда болу механизмдері.
3) Гендік мутациялар, адамның тұқым қуалайтын гендік ауруларының дамуындағы олардың рөлі.
4) Антимутациялық кедергілер.
5) ДНҚ зақымдалуларының типтері
6) Репарация, түрлері олардың механизмдері:
- фотореактивация;
- эксцизиялық репарация;
- пострепликативтік репарация;
- мисс - мэтч репарация;
- SOS- репарация.
7) ДНҚ репарациясының биологиялық және медициналық маңызы.
8) Тақырып бойынша 5 терминнен тұратын үш тілде глоссарий құрастыру.


Сабақтың өтілу форматы: On-line тестілеу, кесте толтыру, ситуациялық есептер шығару, ОМІМ мәліметтер базасымен жұмыс және кесте толтыру нәтижелерін талдау. Қашықтықтан оқыту кезінде Moodle dis.kaznmu, Zoom және т.б. платформаларында.
Бақылау: Бағалау – суммативті тестілеу, ситуациялық есептерді шығару, нәтижелерін ауызша талдау нәтижелері бойынша бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет