Салемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Окушылардың үй тапсырмасын тексеру
Сабақтың ортасы
1.Алмаз, графит, алкандар, алкендер және алкиндер молекулаларының мысалын қолданып, олардың молекулаларының құрылымы олардың қасиеттеріне қалай әсер ететінін түсіндіріңіз.
2. Қанықпаған қосылыстар заттардың қасиеттеріне қалай әсер етеді ( метан қанықпаған байланысқа жатпайды)
(К) Эвристикалық әңгіме. Органикалық заттардың (көмірсутектердің) және бейорганикалық заттардың (аллотропты көміртектің модификациядаланған қосылыстарын ) молекулалалық құрылымы мысалында мұғалім «гибридизация» түсінігін және молекулалардың геометриясының гибридизацияға тәуелділігін және заттардың молекулалық геометриялық сызбасын көрсетеді және қасиеттерін түсіндіреді. Әңгімелесу барысында оқушылар бейорганикалық заттардың молекулалық геометриялық пішінін және олардың жалғыз электрондық жұптардың қасиеттеріне әсерін түсінеді және біледі.
Сұрақтар:
Көміртектің қалыпты жағдайдағы электронды және графикалық формуласын салу?
Көміртектің қозған күйдегі электрондық және графикалық формуласын салу?
№1 Лабораториялық жұмыс Заттардың модельін құрастыру ( N2. O2 алмаз)
Мақсаты:
Гибридтену түрлері: sp-, sp2-, sp3-.
(У) Гибридтену - пішіндері әр түрлі, энергиялары шамалас орбитальдардың араласып, пішіні, энергиясы, байланыс бұрышы, т.б. сипаттамалары бірдей гибридтенген жаңа орбитальдар түзілуі.
Гибридтену түрлері:
(F) Оқушылар гибридтену түрлерін кеңістікте орналасуын сұрап, процесті біртіндеп қиындатады, гибридтенудің осы түрлерімен заттардың мысалдарын сұрайды.
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Гибридтену дегеніміз не?
Гибридтенудің қандай түрлері болады?
Көміртек атомдарын қандай электрондық бұлттар қоршайды?
“Кім жүйрік” ойыны Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар беріледі. Әр топ тапсырманы бір-бірімен жарыса орындайды.