Жаратылыстану пәнінде белсенді оқу оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.Белсенді оқу жаттығулары арқылы жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырып, қате жіберу бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады. Белсенді оқу жаттығуларды орындау нәтижесінде – терең білім алып, пәнге деген қызығушылықты артырады. Оқулықтағы сабақтар оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері арқылы ұйымдастырылып, пән бойынша білім қалыптастыруға бағытталған. «Жаратылыстану» пәніндегі белсенді оқу жаттығулары орындау барысында өзіндік өмір тәжірибелеріне сүйене отырып, зерттеу, сыни тұрғыдан ойлау, алған білімін қолдану дағдыларын дамытады, өздігінен іс-әрекет етуге, бағалауға үйренеді. Мәселен:
«Зертте» айдарындағы тапсырмалар сұрақтар практикалық жұмыс түрлерін орындау арқылы зерттеушілік дағдыларын дамытады.
«Ойлан» айдары сыни тұрғадан ойлауын дамытуға бағытталған мәселелік сұрақ беріледі.
«Сен білесің бе?» айдарында сабақ тақырыбына байланысты қызықты, танымдық ақпарат беріледі.
«Есте сақта!» айдарында тақырып бойынша негізгі қорытынды ой тұжырымдалады.
Жаратылыстану пәнінің оқытудың ерекшеліктері : 1) әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру;
2) жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;
3) қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау;
4) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
5) табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
6) күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.