Оқытушының берген тапсырмасын мұқият орындап, ойын ережесін бұзбай ойнаған, жаттығуды дұрыс орындаған,сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттерге тиісті бағасын қою.
1. С.Қасымбекова, В.Гарасименко Дене тәрбиесі. – Алматы: Мектеп, 2005. 2. С.Тайжанов , С.Қасымбекова «Дене тәрбиесі» Алматы «Мектеп» 2004ж.
3. Ю.Телеуғалиев Дене тәрбиесі, оқу-әдістемелік құрал – Алматы: «Жазушы» 2006ж.
3.2 Техникалыққұралдар, материалдар
Волейбол доптары,тор,секундөлшеуіш,ысқырық.
Кезеңдері
Уақыты
Мазмұны
4. Сабақтыңбарысы
4.1. Ұйымдастыру кезеңі
3 мин
а) Студенттерді түгендеу;
ә) Үйге не берілгендігі жөнінде сұрау
б) Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;
в) Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
4.2. Үй жұмысын жан-жақты тексеру
10 мин
1. Волейбол ойынының денсаулыққа маңыздылығы
2. Волейбол ойынының шығу тарихы
3.Волейбол добын төменнен беру және қабылдау техникасы
4. Волейбол ойынының адам денсаулығына тигізер әсері
4.3. Жаңа білімді баяндау
20 мин
Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.
Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді.
Тіке шабуылдау соққысы
Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты көргеннен кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамалы ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсынады.