Қол добын беру және қағып алу техникасын білемін, ережесімен ойнай білдім, тереңірек түсініп білгім келеді. (БББ)
6. Бағалау
2 мин
Оқытушының берген тапсырмасын мұқият орындап, ойын ережесін бұзбай ойнаған, жаттығуды дұрыс орындаған,сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттерге тиісті бағасын қою.
7.Үйтапсырмасы
1 мин
Таңғы жаттығу.
Сабақ жоспары № 27
Сабақ тақырыбы
Акробатика дене тәрбиесі жүйесінде. Матаға алға және артқа аунау техникасын жетілдіру. Спорттық ойын.
Модуль /пән атауы
БМ.03 Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру.
Дайындаған педагог
Каинбаев А.Е.
Күні, айы, жылы
1.Жалпы мәліметтер
Курс
Оқу жылы
2023-2024 о.ж.
Топ
Сабақтипі
Жаңа материалды меңгеру сабағы
2. Мақсаты, міндеттер
Оқу: Матаға алға және артқа аунау техникасын біліп, меңгеру.
Дамытушылық: Жылдамдықты,иілгіштікті, ептілікті, шапшаңдықты дамыту әрі жетілдіру.
Тәрбиелілік: Акробатикаға деген қызығушылығын арттыру. Студенттерді салауатты өмір салтына насихаттау.
2.1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
1. Акробатика дене тәрбиесі жүйесіндегі ережесін білу.
2.Матаға алға және артқа аунау техникасын біліп, меңгеру.
3.Акрабатиканың даму тарихын біліп, меңгеру.
а) Студенттерді түгендеу;
ә) Үйге не берілгендігі жөнінде сұрау
б) Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;
в) Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
4.2. Үй жұмысын жан-жақты тексеру
10 мин
1.Қол добы ойынының денсаулыққа маңыздылығы
2. Қол добы ойынының шығу тарихы
3.Қол добын беру және қағып алу техникасы
4. Қол добы ойынының адам денсаулығына тигізер әсері
4.3. Жаңа білімді баяндау
20 мин
Алға қарай домалап асып түсуді орындаған кезде мынадай қателіктер жіберілуі мүмкін: а) бастың еденге тиюі; ә) жиырылған денені уақытынан бұрын жазу; б) домалап түсудің бастапқы кезінде қолды алға таман жылжытып жіберу; в) домалап түскеннен кейін аяқты жазып, көсілу. Артқа қарай домалап асып түсудегі жүйелілікті шалқадан жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа серпілуден бастаған дұрыс. Үйрену жүйесінің келесі кезеңі – жүрелеп отырудан артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп тізерлеп отыру, домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін жоғары секіру; артқа қарай қатарынан екі – үш рет домалап асып түсу.
1. Матаға алға және артқа аунау техникасын білудің маңыздылығы
2. Акробатика дене тәрбиесі жүйесінде
3.Аунаудың әдіс-тәсілдерін орындау
4. Акробатиканың Қазақстанда дамуы