Сабақ тақырыбы Жай бөлшектің негізгі қасиеті.



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі1,21 Mb.
#127539
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Математика5.1C Жай бөлшектер Изтелеуова Г. Д. Сабақ жоспары (2)

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.1C Жай бөлшектер

Мектеп: Атырау қаласындағы химия- биология бағытындағы Назврбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Изтелеуова Г.Д.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектің негізгі қасиеті.
(Білім мен дағды, іскерлікті меңгерту сабағы)




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.14 Жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану;


5.1.2.15 Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру

Сабақ мақсаттары

Жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдана алады; Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады;

Бағалау критерийлері




Дағдылар

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Жай бөлшектің негізгі қасиетін біледі



Білімін қолдану



Жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдана алады;
Берілген бөлшекті жаңа бөлімдерге келтіре алады;
Бірнеше бөлшекті ортақ бөлімге келтіре алады;.






Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
-бөлшектің негізгі қасиетін бөлшектерді қысқартуда және ортақ бөлімге келтіруде қолданады;
Пәнге тән лексика мен терминология:

  • үлес; жай бөлшек; бөлшектің алымы мен бөлімі;

- жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с)

  • дұрыс және бұрыс бөлшектер;

  • бөлшектерді қысқарту;

  • аралас сандар; аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері;

  • бөлшектің негізгі қасиеті;

  • қысқартылмайтын бөлшек;

  • ортақ бөлім; толықтауыш көбейткіш;

-бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру;
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады;
- жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді;
- бөлшектің негізгі қасиетін қолданып, ... берілген бөлшектің ... ауыстыруға болады;
-... болғандықтан, ... бөлшегі дұрыс (бұрыс) болып табылады;
- бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде көрсету үшін... керек;
- аралас санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін... керек;
- натурал санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін, ... керек;
- натурал санды аралас сан түрінде көрсету үшін ... керек;
- бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін ... керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет