- Өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену;
- Әр түрлі пікірлкрді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
Пәнаралық байланыс
Алған білімдерін биология, география, информатика пәндерінде қолданады.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Сергіту сәті: «Көбелек»
Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
Бөлшектердің неліктен тең болатынын түсіңдіре алады
Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіре алады
Жұппен жұмыс:
5.1.2.14 Жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану; 5.1.2.15 Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру мақсаттарының орындалуына арналған
оқушыларға «Автобус аялдамасы» жұптық дидактикалық ойынын ұсынамын. Ол үшін сыныптағы парталарды әр жұп бір аялдамада түйісіп қалмайтындай, кезектесетіндей тапсырмаларды орындайтындай ретпен орналастыру керек. Әрбір партаға аялдама аты жазылып қойылады.
Сабақ басында оқушылар жұппен өздерінің қозғалыс бағытын (маршрут) таңдайды, өздерінің қозғалыс бағыты бойынша аялдамадан аялдамаға келген кезде сәйкес тапсырманы орындайды, келесі аялдамаға көшеді, сөйтіп тапсырмалар орындалып болған соң дәптерлері тексеріледі.Бірінші бастағанда қай жұп қандай тапсырма орындады сол жұпты мұғалім критерий бойынша тексереді, ол жұп қалған жұптарды критерий бойынша тексереді, әрі бағалайды.