Сабақ Тақырыбы: Жай нәруыздар алмасуы. Жай нәруыздар алмасуы


Зертханалық жұмысты орындауға арналған тапсырма



бет2/5
Дата24.03.2023
өлшемі28 Kb.
#75998
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
лабка

5. Зертханалық жұмысты орындауға арналған тапсырма
1)Студенттер зертханалық жұмысты орындамас бұрын асқазан сөлінін қышқылдылық түрлерін: жалпы қышқылдылықты, бос және байланысқан қышқылдылықты бір сынамада анықтау әдістері мен есептеуді талдау қажет. Қалыпты немесе қышқылдығы жоғары не қышқылдығы төмен асқазан сөлі құйылған, нөмірленген шыны ыдыстарды алып, асқазан сөлінің қышқылдығын анықтайды. Зертханалық жұмысты орындау барысында оқытушы жұмыстың орындалуын бақылап, олардың қажетті тәжірибелік дағдыларды игеруіне үйрету мақсатымен студенттердің жұмысын түзетеді.
2)Асқазан сөлінің қалыпты мөлшері, қышқылдығы, қышқылдық түрлері, өлшем бірлігі туралы ақпараттанып, берілген асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктерін талдау қажет. Асқазан сөлінің қышқылдығы, қышқылдықтың өлшем бірліктері, түрлері, асқазан сөлінің қышқылдықтарын есептеуді талқылау. Берілген есепте қышқылдылықты анықтап, студент мұндай асқазан сөлінің құрамында қандай патологиялық заттар болуы мүмкін екенін және қандай сапалық реакцияларды жасау қажеттігін білуі тиіс.

20б-жұмыс. Гемоглобиннің гемин тобына сапалық реакция


Принцип: әдіс гемоглобиннің сутегінің асқын тотығып ыдыратуға негізделген.
б)Бензидин пробасы
Анықтау әдісі: пробиркаға 5000 рет сұйтылған қаннан 5 тамшы тамызады, оған 1 тамшы концентрлі сірке қышқылында қаныққан бензидин (немесе 0,2% бензидиннің спирттегі ерітіндісі) қосады. Осыдан кейін 1 тамшы 3% сутегінің асқын тотығын қосып араластырғанда көк түске боялады, ол біраз тұрғаннан кейін қоңыр түске өтеді.
Химизмі: Гемоглобин пероксидазаның қасиетіне ие, сондықтан Н2О2 атомдық оттек пен Н2О ыдырайды. Атомды оттек күшті тотықтырғыш және бензидинді тотықтырады.


83 жұмыс. Өт қышқылдарына Петтенкофер реакциясы
Принципі: Күкірт қышқылының әсерінен сахароза моносахаридтерге, әрі қарай оксиметифурфуролға дейін ыдырайды. Өт қышқылдары оксиметилфурфуролмен конденсацияланып, қызыл түсті заттар түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет