Сабақ Тақырыбы: Жай нәруыздар алмасуы. Жай нәруыздар алмасуы



бет3/5
Дата24.03.2023
өлшемі28 Kb.
#75998
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
лабка

Анықтау әдісі: Пробиркаға өт қышқылдары тұздарының ерітіндісінен 10 тамшы тамызып, оған сахарозаның 1% ерітіндісінен 2 тамшы тамызады да, шайқайды, содан кейін пробирканың қабырғасын бойлай абайлап, қабат түзетіндей етіп, концентрлі күкірт қышқылынан 10-15 тамшы тамызады. Екі сұйықтықтың беттескен аймағында қызыл түсті сақина түзіледі.

85-жұмыс. Бір сынамадағы асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау.


Принципі: екі түрлі индикатор диметиламиноазобензол (pH 2,3-4,2 аралығында түсін өзгертеді) және фенолфталеин (pH 8,2-10,0 аралығында түсін өзгертеді) қолдану арқылы асқазан сөлінің қышқылдық заттарын NaON ерітіндісімен титрлеу арқылы анықтауға негізделген әдіс. Индикатор – диметиламиноазобензолдың түсінің қызылдан, қызылғылт-сарыға дейін өзгеруі арқылы бос HCI, ал фенолфталеиннің түсінің түссізден ашық қызғылтқа өзгеруі арқылы – жалпы қышқылдықты анықтайды.
Анықтау әдісі: Колбаға 5 мл сүзілген асқазан сөлін өлшеп құяды да оған парадиметиламиноазобензолдың 20 тамшы 0,5% спиртті ерітіндісін және 3 тамшы 1 % фенолфталеиннің спиртті ерітіндісін тамызады, содан кейін, ерітіндіні бюреткаданы 0,1 н NaON ерітіндісімен титрлейді. Ерітіндінің келесі түстерге боялуына кеткен сілті ерітіндісінің көлемін (мл) анықтайды:

  1. қызылдан қызғылт – сары түске дейін (А көлемі)

  2. алғашқы қызылдан лимон – сары түске дейін (В көлемі)

  3. алғашқықызылдан ашық қызылға дейін (С көлемі)

А көлемі 5 мл асқазан сөліндегі бос HCI-ды бейтараптауға жұмсалған 0,1 нNaON ерітіндісінің көлемін (мл) көрсетеді. А х 20 көлемі 100 мл асқазан сөліндегі бос HCI-мөлшеріне сәйкес.
С көлемі 5 мл асқазан сөліндегі барлық қышқыл өнімдері бейтараптауына жұмсалған 0,1 н NaON ерітіндісінің көлемін (мл), ал С Х 20 көлемі – асқазан сөлінің жалпы қышқылдығын көрсетеді.
В + С көлемі 5 мл асқазан сөліндегі HCI-дың жалпы мөлшерін,


В + С - А х 20 көлемі 100 мл асқазан сөліндегі
2
байланысқан HCI мөлшерін көрсетеді.
Мысалы: 5 мл асқазан сөлін титрленген кезде А көлемі - 1,75 мл, В көлемі – 2 мл, С көлемі – 2,5 мл-ге тең. Ал жалпы қышқылдық – С х20 = 2,5 х 20 = 50;
БосHCI А х 20 = 1,75 х 20 = 35;
Байланысқан HCI=В + С - А х 20 = 2 + 2,5 – 1,75 х 20= 10
2 2
Бір сынамадағы асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау әдісінің негізгі жетіспеушілігі: бұл әдісті асқазан сөлінің қышқылдығы өте төмен болған жағдайда пайдалануға болмайды.

87-ЖҰМЫС. Уффельман реакциясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет