Әдістің принципі: сүт қышқылының темір фенолятымен (III) әрекеттесуінен нашар диссоцияцияланатын сары – жасыл түсті темірдің лактатының түзілуіне негізделген.
Анықтау әдісі: пробиркаға 10-15 тамшы Уффельман реактивін, оған бірдей көлемдегі дистилденген суды құйып, 3-5 тамшы асқазан сөлін қосады. Сүт қышқылы болған жағдайда күлгін түсті Уффельман реактиві жасыл – сары түске айналады.
Егерде асқазанда бос HCI болмаса, онда жетіспейтін HCI мөлшерін анықтайды, яғни реакция жүру үшін асқазан сұйықтығына қосатын бос HCI мөлшерін.
Шағын топта жұмыс жасау: «Практикум» бойынша зертханалық жұмыстарды орындау.
1.«Асқазан сөлінің қышқылдығын бір сынамада анықтау» (85-жұмыс). Студенттер жұмыс принципін, орындалу барысын, асқазан сөлі қышқылдығының түрлерін есептеуді, қалыпты көрсеткіштерді жазып алады. Үш стақанның қайсысында қалыпты, қышқылдығы жоғары, қышқылдығы төмен асқазан сөлі бар екені бойынша қорытынды жасайды.
2.Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктеріне сапалық реакциялар жасайды (20 (б), 83, 87-жұмыстар). Жұмыстардың нәтижелерін 1-кестеге жазады:
1-кесте Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері
Патологиялық құрамдас бөлік
|
Пайда болу себептері
|
Жалпы қышқылдықтың қалыпты жағдайдан ауытқуының қайсы түрінде байқалады
|
Сапалық реакцияның аты
|
Реакция нәтижесі
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |