№4 САБАҚ Тақырыбы: Жай нәруыздар алмасуы. Жай нәруыздар алмасуы. Нәруыздар алмасуының ерекшеліктері. Балалардағы азотты баланстың ерекшеліктері. Әр түрлі жастағы балалар мен ересектердің белоктарға күнделікті қажеттілігі. Әр түрлі жастағы балаларда белоктардың қорытылуы мен аминқышқылдарының сіңірілу ерекшеліктері.Тоқ ішекте нәруыздардың шіруі және шіру өнімдерінің бауырда залалсыздануы.
Асқазан сөлінің биохимиясы: қалыпты жағдайдағы құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, патологиялық жағдайда ауытқуы. Асқазан сөлінің қышқылдылық түрлері, қалыпты көрсеткіштері, нормадан ауытқуы. Белоктардың қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылуы және осы бұзылулардың аллергиялық реакциялардың дамуымен байланысы. Целиакия туралы түсінік
Жай нәруыздардың аралық алмасуы. Креатиннің түзілуі және ролі. Қан сарысуындағы креатин мен креатининнің мөлшерін анықтаудың клиникалық маңызы. Алмастырылатын амин қышқылдарының синтезделу жолдары. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі және декарбоксилдену өнімдерінің ролі. Амин қышқылдарының дезаминдену түрлері. Аммиактың түзілу және залалсыздандыру жолдары. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының пайдаланылуы. Амин қышқылдары алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
Жеке амин қышқылдарының қалыпты алмасуы және амин қышқылдарының аралық метаболизмі ферменттерінің ақауы кезіндегі алмасуы. Проблемалық оқыту.